Нанның құны 20 теңгеге өсті. Себеп: биылғы науқанның аздығымен байланыстырады.Оған әрине шикізаттың да қымбат екендігі себеп дейді жауаптылар. Қазақстан Азық-түлік келісім шарт корпорациясы былтырғы жылы астықтың тоннасын 83 мың теңгеден сатып алса, биыл 103 мың теңгеге көтерген. Бұл шаруаларға қолайлы болғанмен, ұн өнімін өндірушілерге қиын боп тұр. Наубайханадан 85-90 теңгеден шығарылған ас атасының құны дастарханға жеткенше мың құбылады. Елорданың өзінде баға әртүрлі. Бір жерде бөлке нан-120 теңге тұрады, ал кейбір сауда нүктелерінде 140 теңгеден сатылып жатыр.
Нанның қымбаттауына бірнеше себеп бар дейді мамандар. Ұн мен қоспалар бағасының өсуінен басқа, сыртқы қаптаманың құны да оған әсер етеді. Айталық,, қазір 1 нанның қабының өзі 16 теңгені құрайды. Ал былтырғы жылыол 8-10 теңге болған.. Наубайхана басшылығы нанның құны өскендігін растап отыр. Ұнның қымбаттауына орай амал жоқ нан бағасын да көтеруге негіз екенін айтады.. Одан бөлек , нанқа қосылатын қоспалардың да, электр энергия құны қымбат,
Әбдірақым ТӨЛЕНДИЕВ, НАУБАЙХАНА ДИРЕКТОРЫ: Бүгінде өндіретін әлеуметтік нанымыз, нанды алып қарайтын болсақ: тұз, ашытқы,су ғана қосылады дейтін болсақ,бұның барлығының құны 20-30 пайызға дейін қымбаттаған. Бастысы электр энергиясының бағасының шарыұтауы. Ол тіпті 45 пайызға дейін қымбаттап отыр, алдында 16 теңге еді, бүгінде 24 теңге болды. Оған жанар-жағай майдың бағасын қосыңыз. Бұның бәрі дайын өнім бағасына әсер етпегенде қайтеді?! Мұның бәрін халық түсінсе де, түсінбегендей болады.Амал жоқ болып тұр.Дегенмен, басқа өнім қымбаттаса да, нан бағасы тұрақты болуы керек сапасынан назар аударуын талап етеді.
Сауалнама: 20 теңгеге дейін өсті. Нанның бағасына қарапайым халықтыңқалтасы көтермей қалуы мүмкін. Ол аз дегендей салмағы азайып кеткен. Кессең үгіліп қалады. Тіпті турауға келмейтін кездер де жиі кездеседі. Соңғы кезде ұнды сатып алып, өзіміз үйден жабуға тура келеді. Себебі тез бқзылады. Ашытқыны көп қосып жібереді.
Негізі 2020 жылдан бері "Тұрақтандыру қоры" негізінде кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие берілген. Бұл осындай мәселелерді шешуге көмектесеуі керек дейді мамандар.
Айбек ЖАЗЫЛБЕК, ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ: Жеңілдетілген қарыздар мақсатында 2022 жылдың мамырына дейін бір миллионнан аса қаражат бөлінген. Яғни нан келер жылдың мамыр айына дейін тұрақты болуы тиіс. Себебі, наубайханаларға берілген 1 келі ұнның бағасы 122 теңгеден аспайды. Соған орай әлеуметтік нан бірінші сұрыптағы ұннан пісіріледі. Әрине оның бағасын мемлекетіміз реттеуі керек. Ал егер қандай да бір мәселе туындаса Азық-түлік корпорациясына кез-келген тұрғын шағымдануы тиіс,негізінде қойма резервінде тұрған астық ұн тартатын кәсіпорындарға арзан бағамен таратылатынын ескеру керек.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через