"Мұны мойындау керек": президент жаңа заңды әзірлеуді тапсырды

"Мұны мойындау керек": президент жаңа заңды әзірлеуді тапсырды
фото: https://sputnik.kz/

     Мемлекет басшысының айтуынша, осы саладағы жұмыстар жергілікті жерлерде жүйесіз жүргізіліп жатыр.

     Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық бұзушыларды бақылау шараларын жаңартуды тапсырды. 

     Президент құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесіне баса мән бергені жөн деп санайды.

     "Бүгінде қылмыстың алдын алу шаралары тиімді жүргізіліп жатқан жоқ. Мұны мойындау керек. Сондықтан жүйені түбегейлі жаңарту қажет. Осы ретте қауіпті топтарға жататын азаматтардың басым бөлігі назардан тыс қалып қояды. Ал кейбір алдын алу шаралары шектеу-мәжбүрлеуден әрі аспайды", - деді Тоқаев ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

     Мемлекет басшысының айтуынша, осы саладағы жұмыстар жергілікті жерлерде жүйесіз жүргізіліп жатыр. Нақты үйлестіру тетіктері жоқ.

     "Құқық бұзушылықтың алдын алу саласында бірыңғай заң әзірлейтін уақыт жетті. Заң жобасында профилактикадан өтетін азаматтар тізімін толықтай қайта қараған жөн. Жауапты органдардың құзыреттерін, үйлестіру тетіктерін, жеке профилактика құралдарын нақтылау қажет", – деп атап көрсетті президент.

     https://sputnik.kz/