Қазақстанда америкалық университет ұшқыштарды даярлайды

Қазақстанда америкалық университет ұшқыштарды даярлайды

фото: https://pixabay.com/

Елде америкалық Kent State University оқу орнының филиалын ашу жөнінде келісім жасалды

Қазақстанда АҚШ-тың жетекші авиация университетінің филиалы ашылады,-деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы https://sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Елде америкалық Kent State University оқу орнының филиалын ашу жөнінде келісім жасалды, деп хабарлайды Көлік министрлігі.

Жаңа оқу орны Қазақстан мен Орталық Азия нарығына қажетті келесі мамандарды даярлайды:

Ұшқыштар;

Инженерлік-техникалық мамандар;

Әуе қозғалысын басқару диспетчерлері.

Айта кетері, Kent State University — халықаралық аккредиттеуден өткен, жеке әуежайы мен оқу-жаттығу ұшақтар паркі бар беделді америкалық оқу орны.

Көлік министрінің айтуынша, мұндай халықаралық стандарттағы орталықтың ашылуы Қазақстанды өңірдегі жетекші авиациялық хабқа айналдыруға үлкен серпін береді. Қазіргі уақытта тараптар жобаны сарапшылық деңгейде пысықтауға кірісті.

Дерек көзі:https://sputnik.kz

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз