Мұғалімдер енді эссе жазатын болады

Мұғалімдер  енді  эссе  жазатын  болады
фото: qamshy.kz

Мұғалімдер  енді  эссе  жазатын  болады      

Енді педагог Ұлттық біліктілік тестін тапсырғаннан кейін эссе жазуға тиіс. Ол үшін 30 минут беріледі. Эсседе 250-300 сөз қолданылуы керек. Жыл сайын эссе тақырыбын білім беру саласындағы уәкілетті орган анықтайды. Жазылған  эссе  педагогтің  testcenter. kz-тегі  жеке  кабинетіне  жолданады.

БҒМ түсіндірмесі

Жуырда Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Қаринова аталған жаңа нормативті-құқықтық актілер туралы айтып, эссе жазу не үшін енгізілгенін  түсіндірді.

"Жалпы, эссе – өте шағын көлемдегі жазбаша жазылатын шығарма. Бүгінгі күні мектеп оқушылары да эссе жазады. Оларға да белгілі бір тақырып бойынша эссе жазу ұсынылады. Мұғалімнің аттестаттау рәсіміне 250-300 сөзден құралған эссе жазу берілген. Бұл – өте қысқа ғана жазылатын жұмыс. Ол Ұлттық кәсіби тестілеуден кейін жазылады. Тағы бір айтатын маңызды тұсы – эссе мұғалімнің кәсіби санатын алуда бағаланбайды. "Бағаланбаса, не үшін қажет?" деген сұрақ қойылып жатады. Білім сапасы үшін білім беруде эссенің маңызы өте зор. Бұл мұғалім үшін де, білім саласы үшін де өте пайдалы. Эссе педагогтің ойын құрылымдап, белгілі бір құрылымға жақындатып, беретін ақпаратын толыққанды тұжырымды етіп көрсетуге бағыттайды. Мұғалім эссе жаза отырып, берілген тақырыптың ішіндегі негізгі ойларды анықтап, сол негізгі ұғымдарға түсінік береді. Оның ішінде өзінің тәжірибесін, жұмысын белгілі бір аргументтер арқылы жеткізеді. Бұл мұғалімнің өзінің жұмысына қаншалықты баға бере алатынын көрсетеді. Ол – мұғалімдердің кәсіби деңгейінің қаншалықты жоғары екенін, қаншалықты педагогика ісіне берілгенін, баланы қаншалықты жақсы көретінін көруге болатын құрал", – деді Шолпан Қаринова.

Мәтіндегі ақпарат туралы