Күнбағыс майы әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміне кіреді. Яғни, оның бағасы мемлекет тарапынан тұрақтандырылуы керек. Алайда бұл өнімнің бағасы керісінше күн сайын қымбаттап бара жатқанын өз көзімізбен көріп отырмыз. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша қазір майдың 1 литрі орташа есеппен алғанда 769 теңге. Күнбағыс майының қымбаттауына қандай факторлар себеп?
Соңғы бір жылда күнбағыс майының бағасы шамамен 26 пайызға өсті. Жылдық инфляция 8,5 пайыз болғанын ескерсек бұл тым жоғары көрсеткіш.Атырау, ақтау, және нұрсұлтан қалаларында тіркелген баға тіптен қынжылтады. Мұнда шемішке майы 814-836 теңге аралығында саудаланады. Былтыр елде 147 мың тонна тазартылған май шығарылды. Ол 2020 –шы жылмен салыстырғанда 9 пайыз артық. Май өндіретін басты зауыт Шымкент, Шығыс Қазақстан және алматыда орналасқан. Отандық кәсіпкерлер Қазақстан нарығының 78 пайызын қамтамасыз ете алды. Ал, экспортқа шығаратын тауар көлемі 19 пайызға азайды. Бірер күн бұрын ауыр шаруашылығ министрлігі күнбағыс майын сыртқа саудалауға квото бере бастаған. Бұл шара өнімнің отандық нарықтағы бағасын реттеуге бағытталған.
«2022 жылдың ақпан айында күнбағыс тұқымының 5 мың тоннасын экспортқа шығаруға рұқсат.ал күнбағыс майының 16 мың тоннасын сыртқа саудалауға болады. Бір кәсіпорын ең көп дегенде 9 мың тонна тауар экспорттауға құқылы» ҚР ауыл шаруалығы министрлігі.
Осы салада жұмыс істейтін мамандар ведомствоның бөлген квоталары жеткіліксіз деп отыр. Салдарынан күнбағыс өндеу қуаттылығы 70-80 процентке төмендеп 20-шақты зауыт жұмысын тоқтатуға мәжбүр болып отыр. Ең сорақысы сол экспортты квота арқылы шектеу майдың құнына айтарлықтай әсерін тигізген жоқ дейді мамандар. Өйткені оны шығаруға қажетті шикізат бағасы түспей тұр.
«Май өндіру зауыттары толыққанды жұмыс істей алмай отыр.Өйткені шығарылатын өнімді сыртқа шығару қиынға соғады. Салдарынан кәсіпорындар күнбағыс тұқымдарын аз сатып алатын болды. Ол да экономикаға теріс әсер етті» Ядыкар Ибрагимов, Ұлттық майлы дақыл өндірушілер қауымдастығының төрағасы.
Егер ахуал реттелмесе Қазақстан май шығару нарығындағы позициясын жоғалтып алуы мүмкін. Яғни басқа мемлекеттерге шикізат жеткізетін мемлекеттерге айналу қаупі бар.
Естеріңізге салайық Президент Қасымжомарт Тоқаев шикізаттық емес тауар көлемін арттыруға тапсырма берген. Алайда ауыл шаруашылығы министрлігі жүргізіп отырған саясат оған тура қарама-қайшы келеді дейді мамандар.
«Ресми статистикаға сенсек, былтыр Қазақстан миллион тонна күнбағыс жинады. Шын мәнісінде бұл көрсеткіш 820 мың тоннадан аспайды. Егер май шығаратын зауыттар жұмысын бастамаса, 3 мың адам жұмыссыз қалады» Ядыкар Ибрагимов, Ұлттық майлы дақыл өндірушілер қауымдастығының төрағасы
Айта кетерлігі қазір елде күнбағыс тұқымдарын өндеу қуаттылығы оның өндірістен 3 есеге артық. Яғни саланың әлеуеті жоғары. Тек мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе май өндірушілер ел экономикасына айтарлықтай пайдасын тигізер еді.
Standard.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через