фото: https://egemen.kz
Криптовалюта жайлы не білеміз?
Криптовалюта қайдан пайда болған?
Криптовалюта термині ресми түрде 2011 жылы қолданысқа ене бастағанымен, нарыққа 2008 жылы шыққан. Сатоши Накомото (лақап есім, кім екені бүгінге дейін беймәлім) bitkoin.org деген сайтта Bitkoin: A Peer-to-Peer Electronik Cash System атты материал салғаннан бастап, криптовалюта тарихы басталды. Криптодағы ақша негізінен қолма қол ақша емес, элоктронды сандық ақша түрінде ғана пайдалана алатындығыңызда. Мәселен бір бірлік мынандай бағадағы долларға бағалануы мүмкін, ал сіз сол бірлікті есептеп саудаласа бересіз. Криптовалютаның тиімділігі де осы, қай елге барсаңызда бірлік күйіндегі элоктрондық ақшаны пайдалана бересіз, валюта ауыстырмайсыз. Криптовалютаның екінші деңгейлі банктерден тағы бір артықшылығы үкіметке немесе Ұлттық банкке тәуелді емес. Қазіргі уақытта бүкіл әлем интернетті белсенді пайдаланатындықтан криптовалютаны да пайдалану аса қиын шаруа емес. Қазіргі кезде криптовалюта түрлері көбейген coincap.io биржасында олардың 584 түрі көрсетілген. Криптовалюта өздігінен болмайды, ол майнинг процесінде пайда болады. Бұл бір жүйе пайдаланушыларының көп бөлігі криптографиялық кілт болып табылатын белгілі бір шифрді (хэшті) таңдайтын процесс. Іздеу бағдарламалары жылдам компьютер жабдықтарында жұмыс істейді. Көбінесе видеокарталар осы мақсаттар үшін алынады. Өйткені олар әдеттегі процессерларға қарағанда көп нәтиже береді. Майнер (пайдаланушы) хэшті тапқан кезде оған токен (жетон) түрінде сыйақы беріледі. Осылай жүйедегі блок жабылады, мысалы биткойннің енді танымал болып келе жатқанында майнер блокті жапқаны үшін 50 BTC алатын болған. Жалпы криптовалютаны элоктронды жүйеден шынайы ақшаға ауыстыруға болады.
Криптовалюта құндылығы
Криптовалютаның құндылығы оның орталықтандырылмаған жүйемен жасалғанында. Сандық активтер ешбір елге немесе жеке банкке байланбаған, барлық операциялар бүкіл әлем бойынша мыңдаған цифрлық жүйелерде жазылған, оны тікелей ұрлау қиын. Криптовалютада ақпараттық қауіпсіздік мықты болуы арқасында «цифрлық ақшаның» ағымын толығымен басқаруға, транзакцияларды бақылауға мүмкіндік береді. Ал токен иелерінің аты жөндері құпия болып қала береді, әсересе бұл жүйе ақшасын қоғамға көрсеткісі келмейтіндерге таптырмас мүмкіндік болғанын жасырмаймыз.
Криптовалютаны қалай қолданамыз?
Соңғы мәліметтерге қарағанда криптовалюта қолданушылар 106 миллионға жеткен. Криптовалютада кез келген өзіне ұнайтын токенді сатып алуға болады, бірақ алдымен виртуалды монеталарды сақтайтын арнайы әмиян керек, ол веб платформалар, смартфондағы қолданба, арнайы USB әмияндарына дейін жарай беруі мүмкін. Цифрлық әмиянды ашқаннан кейін оған криптоактивтерді сатып алуға арналған платформалар ашылады. Осы мәселеде неге назар аудару керек.
Криптовалюта биржасы
Қазіргі таңда криптовалютаның сайттары өте көп, бірақ нарықта дәлелденген сайттарды таңдаған жөн. Қызметтің растығын тексеруді анықтау қажет. Желіде пайдаланушылардың кіру кілттерін ұрлайтын клондық сайттар бар.
Әмиян қауіпсіздігі
Кейбір қосымшаларда пайдаланушы, мысалы BTS-ге доллармен айырбастай алады. Алайда кілтті өзіңізбен емес, басқа сенімді жерде сақтаған абзалырақ. Ұялы телефон жоғалған кезде орнатқан қосымша әмияныңыздың кілтін ұмытып қалсаңыз бүкіл ақша бір демде күйіп кетеді. Себебі мақаланың басында айтып өткендей криптовалюта активтері кімге тиесілі екенін цифрлық мәлімет болмаса анықтау мүмкін емес. Ал цифрлық мәліметтер тек өзіңізде ғана болады.
Арнайы ақша айырбастайтын пункттер
Банкаматтар арқылы криптовалютаны ақшаға айналдыру, әлемнің көптеген елдері орнатқан. Керек десеңіз ақшаның орнына токен қабылдай беретін, қонақ үй, сауда орындары да бар. Алайда, әзірге Қазақстанда жоқ.
Тікелей қолданушыдан
Адам басқа пайдаланушымен тікелей кездесіп, келісе алады. Бірақ бұл транзикация ең қауіпті дейді, мамандар себебі екі жақтан да нақты кепілдік жоқ.
Криптовалютада не қауіпті
Зиянды бағдарламалар
Алғашқы виртуалды ақшаны салатын әмиян ашқан кезде барынша қорғалған әмиянды ашу, антивируспен барынша қорғалғанды орналастыру сіздің қауіпсіздігіңіздің кепілі. Сізге жалған сілтеме, зиянды вирус, фишинг (жеке ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізу) жіберу арқылы әмияныңызды сыпырып алуы мүмкін. Сонымен қатар нақты базаны тексеріп барып, ақшаны салу, қазіргі таңда крипто биржалардың сайтының көшірмесін жасап, адамдарды алдайтын сайттар өте көп.
Кибершабуылдар
Нарықта криптовалюта биржалары жиі хакерлік шабулға ұшырайды, бұл турасында бағалы қағаздар және валюта биржалары жөніндегі халықаралық комиссия платформалардың жартысынан көбі кибершабуылдарға тап болғанын растады. Мысалы, 2016 жылы кодтағы қателікке байланысты хакерлер DAO хедж-қорына қатысушылардың сандық әмияндарына рұқсатсыз қол жеткізіп, 150 миллион доллардан астам ақшаны ұрлаған. Тағы бір белгілі жағдай: хакерлер қауіпсіздік жүйесіне еніп, әйгілі Bitfinex биржасындағы пайдаланушылардың тексеру әдістерін өзгерткен кезде – 70 миллион доллар ұрлаған.
Заңнамалық базаның болмауы
Инвесторлардың сақтандыру жүйесінің жоқтың қасы, крипто биржалар виртуалды банктер ретінде жұмыс істейтініне қарамастан, сіз келтірген шығындарды талап ете алмайсыз.Егер биткоиндер банкротқа ұшыраса, иесі оларды бастапқы құнымен қайтара алмайды, өйткені шарт «адал сөз бен қол алысумен»жасалады.
Кодты қате теру
Биткоиндер — меншік құқығы жоқ сандық кодтар. Виртуалды әмияннан ақша ұрланған болса, иесі ұрыны анықтай алмайды, ( база жасырын және орталықтандырылмаған) монета иесі екендігін де дәлелдей алмайды (жеке меншік туралы заңның болмауына байланысты).Кодты жоғалту әмиянда сақталатын барлық активтердің жоғалуын білдіреді. Барлық ақпарат сақталған компьютердің қатты дискісі істен шыққан кезде немесе код жазылған флэш-диск зақымдалған кезде бүкіл ақша күйіп кетуі мүмкін. Статистикаға сәйкес, бұл жағдай крипто биржаға салған салымшылардың 25% -да орын алған, олар шамамен 18 миллиард доллар жоғалтты. Кодты қалпына келтіру және ақшаны қайтару мүмкін емес.Пайдаланушының қате транзакциясы барысында, кодты тек бір санға қате енгізу, оны дұрыс емес мекен-жайға жіберу кезінде оны жоғалтуға әкеледі. Транзакцияны қайта рәсімдеп, болдырмау функциясын іске қосу мүмкін емес, сондықтан жіберілген сома мүлдем қайтпайды.
Қазақстан және криптовалюта
Қазақстанда да әлем нарығы ақша салып отырған, криптовалюта активтерін алған адамдар өте көп. Бірақ нақты кімдер екенін көрсетілмейді, көбіне айти маманы айналыспаса әмиянды ашып, виртуалды ақшаның жағдайын жасау екінің бірінің қолынан келе бермейді. АҚШ Түркия елдерінде биткойннің токендермен сауда жасауға болады, және бұл жүйе әлемнің көптеген елдерінде бар. Алайда мамандардың пікірінше Қазақстан әлі дайын емес, әлем тәжірибиесіне сүйене отырып, криптовалютаға қатысты заңдар жасалуы тиісті. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес еліміздегі төлем құралы теңге. Қазақстанда 2021 жылдан бастап кейбір банктер пилоттық режимде биткойнмен қатар, аталмыш басқа да активтерге шот ашуға рұқсат бере бастады және операцияларда да қол жетімді. Блокчейін және индустрия қауымдастығының хабарлауынша Астана халықаралық қаржы орталығының базасында тіркелген криптобиржалар жақын арада банктермен жұмыс істей бастайды. Олардың салымшылары биткойн сатып алып, қаржы нарықта криптовалюта сата алады. 2019 жылдың қыркүйегінен бастап әлемдік биткойн өндірісінде Қазақстанның үлесі алты есеге өскен, яғни әлемдегі үшінші ірі криптовалюта өндірушіге айналған. Сәйкесінше Ресей мен Иран биткойн өндіруден Қазақстаннан кейінгі орында қалған. Қазіргі таңда криптовалютаның ең ірісі 1 биткойн -13530 075,50 теңгені құрап тұр.
PS. Сатып алу кезіндегі криптовалюталардың құбылмалы әрі жасырын болуынан, нақты активтермен қамтамассыз етілмеуінен қаражатты жоғалту тәуекелі жоғары. Соған қарамастан, цифрлі ақшаға қызығушылық білдіріп отырғандар көп, соның бірі нағашы сіңілім. Осы мақаланы жазуға себеп болғандықтан оның крипто қаржысы қаншалықты өскенін білгім келген. Сіңілімнің айтуынша ол криптоны биткойннан алмаған, танымал емес активтердің бірі, сіңілім қаржы әмияннан ақшаны бақылай алмай отыр, тек осы активке кірген Қазақстандықтардың уотсап тобыннан соңғы жаңалықтан хабардар. Ал биржаның өсуін әлеуметтік желідегі парақшадан ғана бақылап отырмын деді. Қорыта айта келгенде аталмыш электронды ақша түрінің Қазақстан үшін пайдасы жоқ емес, бастысы мамандар айтқандай валюта инфлияцияға ұшырамайды. Тек халықтың қаржылық сауатылығы жоғары болмаса жоғарыда аталған алаяқтық, немесе білместіктен бір сәтте қаржыны жоғалтасыз…
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через