Криптовалюта бағамының төмендеуі биткоин иелерін шығынға ұшыратты

Криптовалюта бағамының төмендеуі биткоин иелерін шығынға ұшыратты

Осы аптада негізгі криптовалюта бағамдарының төмендеуі нәтижесінде ірі биткоин иелері миллиардтаған доллар жоғалтты.

Криптовалютаның құлауы бүкіл әлемдегі инвесторларға әсер етті, олардың арасында бақылаушылар Сальвадор Республикасының Үкіметін ерекше атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен жылдың қыркүйегінде Сальвадор билігі биткоинді елдегі ресми төлем құралы деп жариялап, тұрғындарды оны күнделікті транзакциялар үшін пайдалануға шақырды. Биткоинмен барлығын сатып алуға болады – ұсақ-түйек пен көшедегі фастфудтан бастап жылжымайтын мүлікке дейін.

Ел президенті Наиб Букеленің бұл криптовалютаны заңдастыру туралы шешімі енді барлық бизнесте аталмыш валюта түрін Сальвадордың негізгі валютасы – АҚШ долларымен бір деңгейде қабылдауы керек дегенді білдіреді.

Фото: em-finance.ru