фото: Dzen.ru
Жеке стилисттер Маргарет Стоун мен Эбби Янг сәннен кеткен аяқ киім үлгілерін атап берді.Тиісті материал Business Insider басылымының сайтында пайда болды.
Әскери стильдегі бәтеңке, сүйретпелер және сүйір тұмсық (лодочка) туфлилер де өзектілігін жояды.
Сурет: Shedevrum.ai
Оның орнына балама нұсқаларға назар аударған жөн, мысалы, өткір тұмсықты етік, арт жағы жоқ үйге киетін тәпішке тәріздес мюли (бастапқыда мюли үйге арналған аяқ киім еді, бірақ оны кейіннен көшеге киіп шығатын болған) және лоферлер.
Cурет: Sumochka.com
Сонымен қатар, мамандар табаны қалың кроссовкалар мен тоқыма сандалдардан бас тартуға шақырды.
Cурет: global.wildberries.ru
«Гардеробты классикалық үлгідегі балетка мен табаны жұқа әрі төмен келген кроссовкалар үшін босатыңыз», — деп кеңес берді Стоун.
Соңында стилист басы төртбұрыштылау болып келетін аяқ киім үлгісіне де тоқталды.
Сурет: Milota.top
«Bottega брендінің танымалдылығын арттырған басы төртбұрышты болып келген аяқ киімдер 2021 жылдың символна айналды. Қазіргі уақытта оларды үшкір немесе басы дөңгелек келген модельдермен ауыстырған дұрыс», — деп түсіндірді Янг.
Тағы бір стилист Анна Скороходова 50 жастан асқан әйелдерге мокасиндер мен биік өкшелі аяқ киімдер онша жараспайтынын, оның орнына базалық реңктердегі лоферлер мен сүйір тұмсықтыға ауыстыру керектігін айтқан болатын.
Дейтұрғанмен, стилистер ұсынған кеңестерге құлақ аса отырып, әркім өзінің талғамы мен жарасқанына қарай алған жөн болар, Бастысы, аяқ киімнің жайлылығына, бүтін екеніне,содан соң барып сән жағына қараған дұрыс шығар.
Әйтпесе «аяқ киімің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?!»
https://almaty-akshamy.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через