2023 жылы Қазақстан-Әзірбайжан бағыты бойынша Каспий түбі арқылы талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысы басталады.
Жоба Орталық Азия елдеріне Интернетке баламалы қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ Еуропа мен Азия арасындағы трафик транзитін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Қазақстан тарапынан жобаның серіктесі Қазақтелеком, Әзербайжан тарапынан - Аzertelekom компаниясы болады.
Қазірдің өзінде жобаның дизайнын (HLD) әзірлеу жұмыстары басталды, содан кейін тиісті зерттеулер, кейінірек - Каспий түбіндегі «оптиканы» жобалау және салу жүзеге асады.
Су асты желісінің негізгі бағыты Ақтаудан Әзербайжанның Сиазань қаласына дейін өтеді және 340 шақырымды қамтиды. Ұзындығы 330 шақырымға жуық резервтік канал Баку маңындағы қазақстандық Құрық портынан Әзербайжанның Бузовна елді-мекеніне дейін салынады.
Орталық Азияның барлық елдері жобаны жақын арада іске асыруға мүдделі, өйткені баламалы маршруттардың болуы біздің елдеріміздің тұрғындарына Интернетке кепілдендірілген қолжетімділікті қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады.
Фото: txt.newsru.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через