фото: rbc.ru
Иран парламенті ислам киім үлгісін бұзғаны үшін әйелдерді 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы заң жобасын қабылдады. Көптеген ирандықтар бір жыл бұрынғы елдегі билік пен полицияның озбырлығына қарсы наразылықтан кейін басын жауып жүруден бас тартқан еді.
Аталмыш заң жобасын 152 парламент депутаты мақұлдап, 34 депутат қарсылық білдірді, 7 депутат қалыс қалды.
Енді оны конституциялық қадағалау органы – Қамқоршылық кеңесі мақұлдауы керек, содан кейін заң толыққанды күшіне енеді.
Жаңа заңның мақсаты – ирандықтардың исламдық киім үлгісін сақтауына бақылауды күшейту.
Енді биліктің көзқарасы бойынша сыртқы келбеті талапқа сай келмеген әйелдер айыппұл төлеуі керек, оларды полиция қамауға да құқылы.
БҰҰ бұл заң жобасы Иран әйелдері мен қыздарын одан сайын зорлық-зомбылық пен қудалауға ұшырататынын ескертеді.
Дереккөз ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через