Инженерлік желілердің 70% цифрландырылды

Инженерлік желілердің 70% цифрландырылды

Өткен жылдың қорытындысы бойынша инженерлік желілердің 69,3% цифрландырылды, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

Инфрақұрылымдық деректерді цифрландыру жұмысы жалғасады. 

Биыл республикалық және жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өңірлердегі 80 мың гектардан артық құрылыс аумағын түгендеу жоспарланып отыр.

Осы арқылы 2023 жылдың соңына қарай қажетті қаржыландыру болған жағдайда инженерлік желілердің 88%-ы цифрландырылады деп болжанып отыр.

Елді мекендердің инфрақұрылымдық деректерін (аудан орталықтарының деңгейіне дейін) толық цифрландыруды 2024 жылдың соңына дейін жүзеге асыру көзделген.

Фото: khabar.kz