фото: Бақ кз
Halyk жаңа науқан бастады. Соның арқасында Halyk QR-мен есеп айырысу (эквайринг) үшін комиссия небәрі 0,5%-ға дейін төмендетілді. Бүгінде қоғамда мобильді аударымдарды, жаңа салық декларациясын және банктің жоғары комиссияларын реттеудің күшеюіне байланысты кәсіпкерлер сатып алушылардан қолма-қол төлемдер жасауын сұрайтын мәселеге тап болды.
Бұл өз кезегінде карталар мен мобильді қосымшаларды пайдалануға үйреніп қалған қоғам үшін қиындық туғызады. Кәсіпкерлерді қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға және бизнесті ашық жүргізуге ынталандыру ол эквайринг мөлшерлемесін төмендету (қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жөніндегі комиссия) және электронды төлемді қабылдау үшін қолайлы жағдайлар жасау болуы мүмкін.
Осы ретте Halyk акция бастады – Halyk QR-мен есеп айырысу (эквайринг) үшін комиссия небәрі 0,5%-ға дейін төмендетілді. Бұл қазіргі уақытта банк нарығындағы QR төлемдері ішіндегі ең төменгі ұсыныс болып саналады. Сондай-ақ кез келген карта бойынша эквайринг комиссиясы төмендеді, ол тек 1,2% құрауы мүмкін.
Halyk әрқашан кәсіпкерлердің нарықтағы жұмысын жеңілдетіп, оны еркін және тиімдірек ету үшін осындай жағдайлар жасауға ұмтылады. Қазақстандағы бизнес үшін ең ірі банк бола отырып, біз кәсіпкерлерді бүкіл нарықтың жаңа үрдістеріне бейімделуіне қолдау көрсету үшін жаңа акция енгіздік. Біздің төмендетілген комиссиялар кәсіпкерлерге операциялық шығындарды азайтуға ғана емес, сонымен қатар, сатып алушыларға қолма-қол ақшаға көшу қажеттілігін азайтуға көмектесетініне сенімдіміз, – деп түсіндірді Halyk Тікелей сату және премиум қызмет көрсетуді дамыту департаментінің директоры Ринат Ағамбаев.
Halyk-тың минималды эквайринг ставкалары қазірдің өзінде кәсіпкерлерге қосымша шығындарға ұшырамауына көмектесіп жатыр.
Айта кетейік, Halyk QR бойынша 0,5% бизнес үшін Halyk эквайрингінің жалғыз артықшылығы емес. Мысалы:
• POS-терминалдар мен Halyk POS қосымшасы арқылы сатып алушылар тауарды немесе қызметті кез келген жолмен төлей алады: кез келген банк картасынан Halyk QR-ға дейін, сондай-ақ, Apply Pay-ден Samsung Pay-ге дейін.
• Halyk POS және Onlinebank қосымшалары жеткізушілерге бірнеше кассирді қосуға мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, телефон арқылы компанияның негізгі эквайрингіне қосыла алатын және сатып алушыларға үйден шықпай-ақ қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға мүмкіндік беретін курьерлер жүйесі бар компаниялар үшін өте ыңғайлы.
• Ыңғайлы интерфейс қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың мобильділігін жақсартуға мүмкіндік береді, алынған төлемдерді оңай басқаруға, оларды қайтаруға және түбіртектерді жіберуге мүмкіндік береді.
Ең төмен төлемдерді төлеуді бастап, Halyk QR-ді қосу үшін кәсіпкерлерге мына қадамдарды ғана орындау қажет:
1. Сілтеме арқылы өтіп, Halyk-та шот ашыңыз;
2. Halyk-тың Onlinebank мобильді қосымшасында тіркелу;
3. Halyk QR бөліміне өтіп, сауда нүктесі туралы ақпаратты толтырып, есепке алу шотын таңдап, қосылуға өтінім жіберіңіз;
Halyk POS қосымшасына қосылған соң сіз сілтеме арқылы мәлімет ала аласыз. Ал POS-терминалға банктің ресми парақшасында тапсырыс бере аласыз.
Бизнес әлеміндегі инновациялар, мобильді қосымшаларды дамыту немесе контактісіз төлемдерді қабылдау болсын – барлығы кәсіпкерлердің тез бейімделуін талап етеді. Бұл өз кезегінде операциялық шығындарды көбейтуге мәжбүр етеді. Осы ретте Halyk барлық жағдайды түсініп, QR эквайринг жөніндегі комиссияларды 0,5%-ға дейін төмендетіп отыр. Осылайша мұндай акция Қазақстанның барлық кәсіпкерлік саласын дамытудағы елеулі қадам болуы мүмкін.
Айта кетейік, акция 2024 жылғы 31 наурызға дейін өтеді.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через