Париж қаласында өтіп жатқан «Еуропа қазақтарының кездесу-құрылтайында» қазақтардың «Әлем» атты жаңа қауымдастығы құрылды.
Қауымдастықтың ашылу салтанатына ҚР Франциядағы төтенше және өкілетті елшісі Жан Галиев пен «Отандастар қоры» КЕАҚ Президенті Абзал Сапарбекұлы қатысып, алдағы жоспарларына сәттілік тіледі.
Қауымдастықтың мақсаты – қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптеп, атамекен Қазақстанмен байланыстарды нығайту.
Өткізіліп жатқан шараға «Әлем» қауымдастығының төрайымы Имашева Зульфат Гильзакри мен вице-президенті Майра Скакова қатысты. Қауымдастық басшысы З. Имашова шетелге кетіп, есімдері ұмытылған қазақ жұлдыздарын халыққа таныту мен қайтадан жаңғырту – қауымдастықтың басым бағыттарының бірі болатындығын айтты.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через