Фортификацияланған ұнның ағзаға пайдасы

Фортификацияланған ұнның ағзаға пайдасы

     Ұнды фортификациялау – теміртапшылықты анемияның алдын алудың әсерлі әрі қолжетімді шарасы.

Заманауи денсаулық сақтау жүйесінің өзекті проблемаларының бірі  теміртапшылықты анемия. Теміртапшылықты анемия симптомдары – жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық, бас ауруы, дененің, еріннің бозаруы, тәбеттің жоқтығы, сезгіштіктің жоғалуы.

Анемияның алдын алудың үш негізгі тәсілі бар: фармокологиялық, тиімді тамақтану, және  негізгі азық- түліктердің темір қосындылары, дәруменді кешендермен фортификациялануы (байытылуы).

ТТА алдын алудың қарапайым, арзан әрі қолжетімді түрі -- азық-түлік өнімдерін фортификациялау болып табылады. Ол Қазақстан Республикасы Заңнамасымен реттелген. «Халық денсаулығы  мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы аумағында іске асырылатын бірінші және жоғары сұрыпты бидай ұнын темірқұрамды дәрумендермен, минералдармен басқа да заттармен міндетті түрде фортификациялануы жазылған. Бидай ұны фортицикациялау үшін бекер таңдалған жоқ. Ұн өзінің кең таралғандығы, әмбебаптылғы, күнделікті тұрмыстық қажеттіліктерге жарамдылығының арқасында адам  ағзасын темір, фолий қышқылы және  дәрумендермен қамтамасыз ететін ең тиімді құрал болып табылады. Байытылу  процесі ұнның дәмін, түсін өзгертпейді, пісірілім сапасы бұрынғыдай қалады.

Фортификацияланған ұнды пайдалану қауіпсіз. Ұнды фортификациялау бидайды ұнтақтау кезіндегі жоғалған дәрумендерді толықтырады, сондықтан, бұндай ұнды пайдалану өте пайдалы.

Өзіңізді және жақындарыңызды теміртапшылықты анемияның алдын алу үшін темір және фолий қышқылымен байытылған ұн мен нанды тұтыныңыз.

Деніңіз сау болсын!

   Алматы қаласы Түрксіб ауданының санитариялық- эпидемиологиялық  бақылау  басқармасы санитариялық- эпидемиологиялық  бақылау   және қадағалау, техникалық регламенттерді  бақылау бөлімінің  бас   маманы  Салтанат Заманқызы Махмұтова.