фото: pexels.com
Интернет-ресурстар арқылы есірткінің таралу жолын кесу бойынша қосымша шаралар кешені әзірленеді. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.
«2023 жылы ІІМ есірткі сайттарын жедел іздеу, оларды пайдаланушылар мен әкімшілерді анықтау үшін 21 аппараттық-бағдарламалық кешен және басқа да техникалық құралдар сатып алды. Биыл Telegram онлайн-платформасында есірткі сататын 24 интернет-дүкен және жалпы аудиториясы 50 мыңнан асатын 12 жарнамалық бот жойылды», - делінген Үкімет басшысының жауабында.
Олжас Бектеновтің дерегінше, Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың үйлестіруімен Ішкі істер министрлігінде жұмыс тобы құрылған.
«Оның аясында нашақорлықтың алдын алу және есірткіге байланысты қылмысқа қарсы іс-қимыл, сонымен қатар әлеуметтік және басқа интернет-ресурстар арқылы есірткінің таралу жолын кесу бойынша қосымша шаралар кешені әзірленетін болады», - деді Премьер-Министр.
Дереккөз kaz.inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через