Бұдан былай қазақстандықтар қалағанынша сим-карта ала алмайды. Әр нөмірдің иесі биометриялық тексерістен өткізіліп қана тіркелуге тиіс. Өйткені соңғы уақытта шетелден түрлі нөмірмен хабарласып елдің мазасын алатын алаяқтар көбейген.
Нөмір тіркелмегендіктен, оларды табу да оңай емес. Алаяқтар, тіпті, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрін де жиі мазалайды екен.
Иә, маған да алаяқтар хабаралсады. Бірақ мен өте қарапайым тактика қолданамын. Алаяқ екенін білген бойда, оларға қазақша жауап беремін. Амалсыздан телефонын қоюға мәжбүр болады.ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин
Алаяқтар көбіне қазақстандық жүздеген нөмірді сатып алып шетел асып кетеді. Сөйтіп роумингке қосылып, түрлі жымысқы әрекетін жүзеге асырады. Банктердің атын жамылып несие алдыртады немесе «заттай сыйлық ұтып алдыңыз» деген сылтаумен қарызға батырады. Ал бұл қоңыраулар шетелден түскеннен кейін қолға түсіру қиын.
Қазір құзырлы мекемелер мен жекеменшік операторлар бірігіп алдын алу шарасын жүргізіп жатыр. Өйткені алаяқтар ұялы телефонды қойып, үй нөміріне де хабарласа бастаған.
Сондықтан бұдан былай жаңа сим-карта аларда немесе нөмірді тіркегенде, міндетті түрде биометриялық ақпарат сұралады. Адамның бет-жүзі сканерден өткізіліп, анықталады. Бұл талап ескі нөмірлерге де қатысты.
Дереккөз ktk.kz. Фото: donpress.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через