Енді оқу орындары жатақханадағы орын санына байланысты грант алады. Қанша студентті жайғастырып, жағдайын жасай алса, мемлекет сонша грант береді. Жатын орын таппай пәтер жағалап жүрген студенттердің мәселесін шешу үшін ғылым және жоғарғы білім министрлігіні осындай қадамға баруға мәжбүр.
Енді лицензияға жоғары оқу орындары, жекеменшік, мемлекеттік кез келген жаңа мамандықты ашу үшін немесе жаңа лицензия алу үшін міндетті түрде шарт қойылады. Мысалы, 100 адамға бер ме, онда 100 адамның тұратын орнын қамтамасыз етуі керек. Лицензия берілмейді, рұқсат берілмейді. Оқу, яғни білім қызметін көрсетуге рұқсат берілмейді. Неге десеңіз, өкініштісі, мәселен, мың адамды қабылдайды, жүз адамды жатақханамен қамтамасыз етеді. Осылай қалыптасып кетіп, бұл проблема жиналып қалды. Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі.
Жатақхана жайы әсіресе Алматыда ушығып тұр. Өйткені бұл елдегі жоғарғы оқу орындары ең көп шоғырланған қала.
Қазір оңтүстік астанада 200 мың студент оқып жүр. Оның 70 пайызы білім іздеп ауыл-аймақтан келгендер.
Қыркүйектің басында алматылық студенттердің жатақхана таба алмай кафе, вокзал жағалап жүргені ақпарат құралдарында айтылды. Министрлік жедел штабты іске қосуға мәжбүр болды. Бүгінге дейін онда 88 бала хабарласып тұрақты орынжай тапқан. Бірақ бұдан жатақхана мәселесі толық шешілмейтіні анық. Мысалы, күні-бүгінге дейін бір Алматының өзінде жатақханадан 20 мың студентке орын жетіспейді. Министрліктің өз күші жетпей, енді кәсіпкерлерге қолқа салмақ.
Мұны мемлекет өз есебінен толық шеше алмайды негізінде. Сондықтан біз қазір білім министрлігінің жанында Қаржы орталығымен бірігіп, жекеменшік инвесторлар, құрылысшылар, мердігерлермен тікелей жұмыс істейміз. Оларға арнайы алты жылдық шарт береміз. Яғни қаржы моделін ұсынамыз. Сол қаржы моделімен 2026 жылға дейін жатақханалармен 70-80 пайыз толық қамтамасыз етеміз. Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
Дереккөз ktk.kz. Фото: old.vecher.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через