Студенттер «Алиса» қосымшасына балама жасап шығарды

Студенттер «Алиса» қосымшасына балама жасап шығарды
фото: pixabay.com

Жетісу облысында студенттер «Алиса» қосымшасына балама болатын дыбыстық көмекші жасап шығарды. Енді олар бұл бағдарламаны  жасанды интелектімен байланыстырып, қолданыс аясын кеңейтуге күш салып жатр.  Жастардың  қанатқақты жобасы «Жас ғалым» байқауында үздік деп танылып, 2 млн теңгелік грантты жеңіп алды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Артем Федоровтың қосымшасы әзірге компютердегі тапсырмаларды ғана орындайды. Жас өнертапқыш енді оған қазақ тілін енгізіп, жобаны жасанды интелектіге негіздемек. Сол арқылы бейнекамерадағы адамның бет жүзін танып әрі «ым» тілін түсінетіндей етіп жасауды мақсат еткен. 

Артем Федоров, студент: 

- Бұл қосымшаны студенттер мен оқушылар білім алу үшін  мұғалімдер жұмысында пайдаланса деп ойлаймын. Тіпті мүмкіндігі шектеулі адамдардың өздері де «ым» тілі арқылы тапсырма беріп, ғаламтордан қажетті ақпаратын тауып алатын болса деген арманым бар. Қысқаша айтқанда адамдардың барлығы қолданатындай деңгейге жеткізгім келеді. 

Білімгерлер дыбыстық көмекшіден бөлек, студенттерге арналған чат бот, ойын және мултимедиялық қосымша әзірлеп жатыр. Жобалар мемлекеттік бағдарлама негізінде қолға алынған. 

Әділет Мейрамбекұлы, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Физика-математика факультеті деканының орынбасары: 

-  Жолдауда айтылғандай АІ SANA бағдарламасы аясында өзіміздің университетте бес жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалардың әрқайсысының ерекшелігі және пайдасы бар. Бірі мысалға талапкерлерге 24 сағат ақпарат беретін болса, бірі студенттерге оқу процесі бойынша ақпарат беретін болады. Тағы бір дыбыстық көмекші ретінде әртүрлі бағдарламалармен интеграциялауға болады. Жалпы осы жобалардың қолданушыларына өте қажет жоба. 

Арнайы комиссия жасанды интелектіге негізделген бес қосымшаның ішінен біреуін  таңдап алады. Үздік жоба қазан айында Астанада өтетін халықаралық көрмеде көпшілік назарына ұсынылады.