Ендігі уақытта қазақстандықтар жеке куәліктің электрондық нұсқасын қолдана алады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі цифрлық трансформациялау департаментінің директоры Назгүл Бажаева мәлімдеді.
«Жаңа заң аясында цифрлық құжаттарды қолдану іске қосылды. Оның қатарында азаматтардың жеке куәлігі де бар. Яғни сіз EGovMobile мобильдік қосымшасы арқылы жеке куәлігіңіздің электронды нұсқасын жүктеп аласыз. Одан әрі QR код арқылы жеке басыңызды растай аласыз»,- деді Назгүл Бажаева баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, бүгінде QR код арқылы жеке куәлікті растау жұмыс істеп тұр. Яғни қазақстандықтар ендігі уақытта жеке куәліктің электронды нұсқасын қолдана алады.
«Бұған дейін жеке куәліктің электрондық нұсқасы тек мемлекеттік қызмет алған кезде халыққа қызмет көрсету орталықтарында ғана қолданылған еді. Жаңа заңға сәйкес енді барлық жерде жеке куәлікті QR код арқылы көрсетсе жарап жатыр», - дейді Назгүл Бажаева.
Фото: pavon.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через