фото: egemen.kz
«Бұл баға саясатын бақылауда ұстауға кері әсер етеді», - дейді мамандар.
Мысалы маусымаралық кезеңде шаруалар өнімнің 38%-ін ғана сақтайды. Ал қалған көкөніс пен жеміс-жидек көктемге дейін жетпейді. Ал мұның соңы қымбатшылыққа әкеледі. Осыған байланысты салаға жауаптылар инвесторлар тартып, қоймалардың қуатын арттыруды ойлап жатыр.
Биыл көктемде ауа температурасы күрт төмендеп, шаруалар қиналып қалды. Егістік науқанына ерте қамданған Қанат Төлеповтің қырыққабат алқабы үсіп кетті. Өнімді жылдағыдан екі есеге аз жинады. Сондықтан оны сақтап, асықпай саудалау тиімсіз екенін айтады.
Ал қала іргесіндегі 45 гектар қарқынды бауда алма, алмұрт, шабдалы мен жүзім өсіріледі. Шаруашылық иелері дайын өнімді сақтау үшін заманауи қойма салып, тауарды терең өңдейді. Кәсіпкер өндірісті жетілдірудің арқасында жемістердің жарамдылық мерзімі 1 жылға дейін ұзарғанын айтады.
Мемлекет тарапынан мұндай жобаларды жүзеге асыруға жеңілдетілген пайызбен несие қарастырылған. Сондай-ақ құрылысқа жұмсалған қаражаттың 25%-ін өтеуге субсидия беріледі. Ал келер жылдан бастап кешенді жоспар аясында инвестициялық шығынның жартысын өтеу көзделген. Мамандардың сөзінше мемлекеттік қолдау шаралары заманауи қоймалардың қуатын арттыруға сеп болмақ.
Осы мақсатта сауда-логистикалық аумақта 5 бірдей көкөніс пен жеміс-жидек қоймасының құрылысы басталды. Биыл екі бірдей нысан іске қосылса, қосымша 22 мың тонна ауыл шаруашылық өнімдерін сақтауға мүмкіндік туады. Түркістан облысында да заманауи қоймаға деген қажеттілік жоғары.
Биыл аграрлы аймақта 18 мың гектар алқаптан 92 мың тонна ауыл шаруашылығының өнімі жиналды. Өткен жылмен салыстырғанда түсім анағұрлым аз. Бірақ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету көкөніс қоймасы күн тәртібінен түспейді. Мамандар жыл соңына дейін сыйымдылығы 28 мың тоннаны құрайтын 7 нысан іске қосылатынын айтады.
Ақпарат дереккөзі: 24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через