Еліміз электрондық үкіметті дамытудың жаһандық рейтингінде 29-орында тұр

Еліміз электрондық үкіметті дамытудың жаһандық рейтингінде 29-орында тұр

Қазақстан электрондық үкіметті дамытудың жаһандық рейтингінде БҰҰ-ға мүше 193 елдің ішінде 29-орынға ие. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

Цифрландыру, ең алдымен, халықтың өмірін жеңілдетуге бағытталған: қазақстандықтарды қолжетімді интернетпен және ұялы байланыспен қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде», - деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында. Ол еліміз электрондық үкіметті дамытудың жаһандық рейтингінде БҰҰ-ға мүше 193 елдің ішінде 29-орынға ие екенін де атап өтті.

Үкіметтің ашық деректер индексі бойынша Қазақстан Азия елдері арасында 1-орынды иеленді.

«Жасырмаймын, бұл саланың өз проблемалары бар. Мысалы, шалғай елді мекендердің тұрғындары ұялы байланыс, интернет сапасына және т.б. шағымданады, біз бұл мәселелерді жедел шешуге тырысамыз.  IT саласы қызметкерлерінің болашағы зор. Fortune-500 тізіміндегі компаниялар ертеңін ойлап, уақытылы цифрлық даму жолын таңдаған компаниялар! Баршаңызды шын жүректен құттықтай келе, ризашылығымды жеткіземін, сіздер болашақ экономиканың негізін құрып жатырсыздар!» - дейді Бағдат Мусин.

Министр Қазақстан ресми түрде Орталық Азиядағы Google for Startups (GfS) ұйымының алғашқы серіктесі болғанын сүйіншіледі. Министрдің пайымынша, бұл оқиға - еліміздің, сондай-ақ бүкіл IT-қоғамдастығымыздың еңбегінің мойындалуы.

Фото: nur.kz, vuzopedia.ru