Еліміз азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуы керек

Еліміз азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуы керек

Бүгінгі таңда әлемде 8 млрд адам тұрып жатыр. 2050 жылы бұл көрсеткіш 10 млрд-тан асып кетуі мүмкін деген болжам жасалған. Жылдан жылға халықты азық-түлікпен толық қамтамасыз ету қиындап барады, тағы 20-30 жылдан кейін не болмақ. Сұраныс арта түспесе, азаймайтыны анық. Себебі адамзат баласының көбеюімен салыстырғанда азық-түлік өндіру көрсеткіші екі есеге төмен көрінеді. Соңғы статистикаға сәйкес 18 миллионнан астам халқы бар, 2050 жылға қарай тұрғындар саны шамамен 25 миллионнан асып қалуы мүмкін Қазақстан өз азаматтарын азық-түлікпен қалай қамтамасыз етіп отыр?

Халықты сапалы азық-түлік­пен қам­тамасыз ету еліміз үшін бас­ты мәселелердің біріне айналды.

Бұл са­ла­дағы түйткілдер ХХІ ға­сыр­дың ал­ғашқы онжылдығында ха­лық­аралық қо­ғамдастықты шын­дап ойландыра бастады. Әсі­ресе 2008 жылы болған дағ­да­рыс азық-түлік қауіпсіздігі са­ла­сы­на жаңаша көзқарас қажет еке­нін ұқ­тыр­ды. Осы дағдарыс ке­зінде тамақ өнім­дерінің құны бірнеше есеге өсіп, көп­теген елде халық наразылығын білдіріп, көшеге шықты. Бұл азық-түлік мәселесін шеше ал­­ма­ған елдерде саяси-әлеуметтік тұ­­рақ­­тылық болмай­тынын, мұ­ның со­ңы түрлі кикілжіңге ұласатынын аңғартты. Бұлай кете берсе, болашақта халықаралық саясатта азық-түлік өнімдерін молынан экспорттаушы мемлекеттердің ықпалы күшейетіні  белгілі болып қалды.

Жалпы, азық-түлік қауіп­сіз­дігін ны­ғайту ұлттық қауіпсіздікті қамта­ма­сыз ету­дің, экономиканы табысты да­мы­ту­дың негізгі шарттарының бірі.

Бүгінгі таңда бізде бұл түйіткіл қалай шешіліп жатыр. Азық-түлік бағасы ай сайын емес, тіпті апта сайын шарықтап барады. Бұған көкөніс сақтайтын қойманың жоқтығы себеп. Үкіметтегілер бағаның тоқтаусыз өсуін осылай түсіндіреді. Сақтайтын орынның тапшылығы әсіресе қысы суық солтүстік өңірлердегі бағаға кері әсер еткен. Шенеуніктердің сөзіне сенсек, елімізде көкөністің түр-түрі бар, мол өнім ел тұрғындарын түгел қамтуға жеткілікті. Тек азықты сақтайтын қойма тапшы. Осындай жауап бола ма екен? «Сонда үкімет басындағылар 30 жыл ішінде ел қауіпсіздігі үшін өте маңызды нысандарды неге салмаған?» деген сұрақ еріксіз туындайды.

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, біз бәрін өсіреміз. Мысалы, картопты молынан егеміз, бірақ оны сыртқа сатуға мәжбүрміз. Өйткені сақтайтын қойма жоқ. Күзде жиналған өнімді тек сәуір айына дейін сақтай аламыз. Содан кейін бүлдіріп алмас үшін оны басқа мемлекетке экспорттауымыз керек.

Азық-түлік сақтайтын қойма салу «Жол картасында» бар, Үкімет қолдауға дайын. Алайда бизнестің бұған қызығушылығы жоқ.

Бизнес саласында жүрген жергілікті кәсіпкерлер бұл салаға көңіл бөлуге неге құлықсыз? Мамандар мұны қалай түсіндіреді?

Экономист Сапарбай Жобаев аталған саланы әкімдерге емес, орталықтандырылған бизнесмендерге беру керек екенін алға тартады.  «Бұл істі жеке кәсіпкер қолға алса, тоңазытқыш сиықты қоймаға қажетті жабдықтард өз қаражатына сатып алады. Кейін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретіндер тауарларын жалға береді. Сөйтіп өзінің табысымен жұмыс істейді. Әкімдерді бұған араластырмау керек», дейді Сапарбай Жобаев.

Билік бұл бағытқа көңіл бөлмей, қол қусырып отыр деп айта алмаймыз. Бірқатар шешім  қабылдап, әрекет жасап жатыр.  2009 жы­лы «Қазақстан Рес­публикасының кей­бір заңна­ма­лық актілеріне азық-тү­лік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өз­герістер мен толықтырулар ен­гі­зу ту­ралы» Заң қабылданған. Онда азық-тү­лік қауіпсіздігін қам­тамасыз ету, осы са­лаға қа­тысты қауіп-қатердің ал­д­ын алу, өндірушілер арасында тең бә­се­ке­лестік ортаны құру амалдары нақты көрсетілген. Алайда базардағы бағаны көргеннен кейін бұл заңның мүлтіксіз орындалып жатқанына күмәнмен қарайтынымыз анық.   

Азық-түлік қау­іпсіздігіне аса көңіл бөлетін әлемнің дамыған елдері бұл істі қалай жойға қойған?

Қысқаша шолып өтетін болсақ, мысалы  Канадада  «азық-түлік банк­тері» жүйесі қызмет көрсетеді. Бұл жүйе бойын­ша жергілікті 450 азық-түлік банкі жұ­мыс істейді. Осы жүйенің арқасында 900 мыңға жуық канадалық тағам өнім­дерін алады.

АҚШ-та күнкөрісі төмен халықтың азық-түлікке қолже­тім­ділігін қамтамасыз ету үшін оңтайлы тәжірибелер қол­да­ны­лып келеді. Егер бұл елде отбасының кірісі кедейшіліктің деңгейінен 130 пайыз төмен болса, отбасы мүшелері арнайы электронды карталар арқылы жүзеге асыры­латын, азықты жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік беретін «SNAP» деген бағдарламаға қа­тыса алады. Бұл бағдарлама АҚШ халқының 45 миллион азаматын қамтиды.

Еуропалық одақ елдеріне ке­лер бол­сақ, мұнда тағам өнім­дерінің қауіп­сіздігі стан­дарт­та­ры­ның талаптарын сақтау жо­ға­­ры деңгейде жолға қойылған. Қа­зіргі таңда Еуропалық одақ ел­д­ері азық-түліктің мол қорына ие. 

Бүгінде 30-дан астам мемлекет азық-тү­лік зәру­лігін қатты сезіне бастады. Сон­дай-ақ жаһан бойынша созылмалы аштық дертіне ұшы­рап отырғандар саны 1 млн адам­ға жуықтаған.

Аграрлық секторды озық техно­логиямен толық жабдықтау керек.

Осындай жайттар онсыз да ушығып тұрған әлемдегі саяси-эко­но­микалық, әлеуметтік жағдайдың онан сайын күрделене түсуіне ықпал етуі мүмкін.  

Сол үлкен әлемнің бір бөлшегі болып табылатын біздерге не істемек керек. Әр маусымда қалыптасатын тапшылыққа ауыл шаруа­шы­лығы бағытында мүмкіндіктеріміздің дұрыс игерілмеуі, аграрлық секторды озық техно­логиямен толық жабдықтауға шашамыздың жетпеуі басты себеп болып отыр деп қарастырғанымыз жөн шығар. Жалпы азық-түлік қауіпсіздігін қамта­ма­сыз ету үшін үкімет ауыл шаруашылығы саласын эко­но­микамыздың драйвері ретінде танып, әлеуетімізді онан сайын арттыра беруі керек.

Фото: egemen.kzwww.uralskweek.kz