фото: Фото: pixabay
Электронды кітаптардың өзіндік пайдасы бар бірақ зияны да қатар жүретінін естен шығармаған жөн.
Әлеуметтік желінің билеген заманында, кез келген мәселемізді ғаламтордың көмегімен шешіп, білмегенімізді таба аламыз.
Банк емес, қаржымызбен басқара алатын әлеуметтік желі, дүкен емес онлайн сатып алуға болатын желілер, оқу орнына барудың орнына онлайн курс оқып білімін жетілдіреді. Сондағы көмекші құралдың бірі ол-электронды қолжетімді кітап.
Қазір кітапханаға кітап оқиын деп барар жастардың да қарасы жоқтың қасы. Барлығы электронды мүмкіншілікті пайдаланып, кітап қорын желімен толықтырады. Электронды кітаптардың өзіндік пайдасы бар бірақ зияны да қатар жүретінін естен шығармаған жөн.
Пайдасы - ол қолжетімділік. Қалаған кітабымызды, кез келген уақытта тауып алып, үйде, жылы ортамызда оқи аламыз.
Сонымен қатар, кітапты арқалап жүрмейміз, ұялы телефонымызда ұстап, кез келген уақытта ашып оқи беруімізге мүмкіншілік бар. Жолда, әуеде немесе аялдамада ашып оқуға өте қолайлы. Кітапқа зейіні бар адам қазіргі таңда жоқтың қасы, сол себептен ұялы телефонына үңіліп отса да, кітап қорын толтырып отқан жан, қазір сирек кездеседі.
Ал зиянына келер болсақ, денсаулыққа радиация әсері тиіп, көзімізге зияны түседі. Үнемі кез келген жағдай бойынша ғаламторға сүйенгенше өзіміздің де кітап парақтарынан ізденіп зерттегеніміз өз деніміздің саулығы үшін де пайдалы.
“Оқимын дегенге қолқа жоқ, оқымаймын дегенге кедергі көп” демекші, келешек ұрпақтың сауаты, қазіргі ұрпақ қолында.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через