Егер карта бұғатталған болса, не істеу керек?

Егер карта бұғатталған болса, не істеу керек?

Ең алдымен, себебін анықтау үшін банкке қоңырау шалу керек. Маңыздылығы: алаяқтардың құрбаны болмас үшін, тек қаржы ұйымының сайтынан ресми нөмірлерге ғана қоңырау шалу керек.

Бұдан әрі бұғаттау себебіне байланысты әрекет жасау керек: уәкілетті органға жүгіну, шоттағы ақшаның заңды шығу тегін растайтын құжаттарды банкке ұсыну және т. б.

Бұғаттаудағы ең жағымсыз нәрсе — адам белгісіз бір уақытқа дейін ақшасыз қалады. Кейде істі қарау апталар бойы жүргізіледі.  Күнкөріс шегіне жетпеу үшін, әр түрлі банктерде бірнеше шоттарыңыздың немесе қолма-қол ақшаңның болғаны жақсы.

Егер бұл болмаса, онда Сіз кепілсіз микрокредит ресімдеңіз.  Бұл уақытша қаржылық қиындықтарды достарыңыз бен мен туыстарыңыздың қатысуынсыз, өз күшіңізбен шешуге көмектеседі.

Ең бастысы — қарыз бойынша төмен пайызбен немесе жеңілдікті кезеңі бар қолайлы микроқаржы ұйымын таңдау, бұл ақшаны артық төлемсіз пайдалануға мүмкіндік береді. Алаяқтардың көзіне түсу тәуекеліне жол бермей, сайттан сайтқа кірмеу үшін, бірнеше МҚҰ ұсыныстары бір параққа орналастырылған сервисті пайдаланған артық.