Бұдан былай елімізде цифрлық майнерлер табыс салығын төлеуге міндеттеледі. Мәжілісмендер цифрлық активтер нарығын реттейтін құжатты екінші оқылымда мақұлдады.
Енгізілген түзетулерге сәйкес, майнерлер электр энергиясын бірыңғай энергетикалық жүйеден сатып ала алады. Ол үшін нақты баға шектеуі жоқ және сауда-саттық тек нарық тетіктеімен жүргізіледі.
Мәжілісмендер майнерлер тұтынатын электр энергиясы көздерінің тізімін нақтылады. Лицензия тек екі санатқа беріледі. Осылайша майнинг-пулдар да экономиканың бір бөлігіне айналады деп отыр депутаттар.
Майнерлер мен майнинг-пулдардың қызметін цифрлық даму министрлігі реттейді және лицензиялайды.
Ал криптовалютаға қатысты шектеулер «Астана» Халықаралық қаржы орталығының құзіретінде. Қазақстанда криптовалюта төлем құралы болып саналмайды, оның айналымына тыйым салынған.
Майнингті және оның өнімін реттеуге тоқталсам, майнингті лицензиялау екі санатпен жүргізіледі. Бірінші – тиісті инфрақұрылымы бар цифрлық майнерлер. Екінші – деректерді өңдеу орталықтарында орынды жалға алатын және энергия квотасын талап етпейтін цифрлық майнерлер. Заң жобасы міндетті аккредиттеуден басқа, майнингпулдар үшін жекелей талап енгізіледі. Екатерина Смышляева, Мәжіліс депутаты.
дереккөз ktk.kz. Фото: inventure.com.ua
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через