Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы әлемде өткір азық-түлік тапшылығының артқанын ескертті.
Азық-түлік дағдарысымен күресу үшін жұмыс істейтін БҰҰ, ЕО, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың халықаралық альянсы азық-түлік дағдарыстарымен күресудің жаһандық желісінің (GNAFC) есебінде азық-түлік дағдарысымен күресетін адамдар санының шамамен 40 пайызға өскені айтылған.
Құжатта 2021 жылы қақтығыстар, экономикалық күйзелістер және экстремалды ауа-райы оқиғалары салдарынан 53 елде кем дегенде 193 миллион адам аштық қаупіне ұшырауы мүмкін.
Ең көп зардап шеккен 53 елдің ішінде миллиондаған адамдар аштықтан зардап шеккен Конго Демократиялық Республикасы, Эфиопия, Йемен және Ауғанстан бар.
"Өткір аштық бұрын-соңды болмаған деңгейге көтеріліп жатыр және жаһандық жағдай нашарлауды жалғастыруда. Қақтығыс, климаттық дағдарыс, COVID-19 және азық-түлік пен жанармай бағасының өсуі қиындық тудырды. Украинадағы соғыс жағдайды қиындатып отыр. Бұл жаһандық дағдарысты кеш болмай тұрып өзгерту үшін төтенше қаржыландыру қажет", - деді Дэвид Бисли.
Бұған дейін Дэвид Бисли SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаушы Илон Маскты әлемдегі аштық мәселесін шешуге шақырған болатын.
Еске салайық, БҰҰ Украинадағы қақтығыс жаһандық азық-түлік апатына әкелуі мүмкін деп болжаған болатын.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через