Блокчейнді қолдануға бола ма?
Бұл сауалға әлемдік деңгейдегі сарапшылар жауап беруге тырысты.
IDC компаниясы блокчейнді қолдануға қатысты кеңес берді. ТМД мен Ресей бойынша IDC компаниясының вице-президенті Роберт Фэриштің айтуынша, бүгінде әлем бойынша блокчейн теxнологияларына қыруар қаржы салынады. IDC-дің есебі бойынша биыл ол қаржының көлемі 2,1 млрд долларға жетеді. «Бұл жерде біз Биткойн мен Рипл сияқты крипатовалютаны алып отырған жоқпыз. Негізі, блокчейнге салынатын инвестиция өседі» деді IDC компаниясының өікілі.
Р.Фэритің сөзіне қарағанда, блокчейн теxнологиясын әлі де жетілдіру керек. Оны сынақта өткізу кезеңі аяқталған жоқ. Ал кейбір мәселелерді шешу үшін тағы уақыт қажет болады.
«Блокчейн бізге не береді?
Оны «интернеттің коммерциализациясы» деп атайды. Сосын цифрлық активтерді басқарудың бірден бір құралы болып саналады.
«Ал мемлекеттік секторда оны жан-жақты қолдануға болады. Ол арқылы біраз қызметтердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік бар. Жеке куәлікті шығару, идентификация, жылжымайтын мүлікті тіркеу, салықтық есеп беру, тіпті сайлаушылардың тізімін де жасауға болады», - деп атап көрсетті Р.Фэриш.
Сарапшының ойынша, блокчейнді қолдану үшін Қазақстанның осы саладағы білікті мамандары болуы қажет. Себебі аталған жүйені қолданудың нақты стратегиясын жасап шығарған жөн.
Фото: medium.com, itweek.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через