фото: pixabay.com
Бүгінгі таңда ұялы телефондар тек байланыс құралы ғана емес, сонымен қатар жеке деректерді, қаражат пен банк карталарын сақтауға арналған платформа. ІІМ мәліметтері бойынша, смартфондар, әсіресе қымбат модельдер ұрлықтың нысанасына жиі айналады, олардың кейбірінің құны шамамен 1 млн теңге тұрады.
Статистикаға сәйкес, биылғы 10 айда ел бойынша 9 мыңнан астам телефон ұрлығы тіркелді. Бұл өткен жылғы деректен 16%-ға төмен. Бұл ретте табылып, иелеріне қайтарылғаны – 4 мыңнан астам.
Ережеге сәйкес, барлық ұялы телефондар “IMEI + SIM + ЖСН” схемасы бойынша тіркелуі керек, егер бұл байлам бұзылған болса, бұғатталуы керек.
Ұялы телефондарды ұрлауға қарсы іс-қимыл мақсатында полицейлер оларды сатып алу және өткізу орындары бойынша жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Базарлар, сауда үйлері мен орталықтары, бутиктер, жөндеу шеберханалары тексеріледі.
Телефон ұрыларының құрбаны болмас үшін тәртіп сақшылары бірнеше қарапайым ережелерді сақтауды ұсынады:
– телефонды киім мен сөмкелердің сыртқы қалталарына салмаңыз;
– телефон жатқан сөмке жабық екеніне көз жеткізіңіз;
– телефонды қараусыз қалдырмаңыз;
– телефонды көлікте көрінетін жерде қалдырмаңыз (панельде, орындықта және т.б.);
– жоғалған телефонды табу үшін Android жүйесі бар телефондарға арналған “құрылғыны табу” және iPhone үшін “Локатор” құрылғыларын іздеу қызметін пайдаланыңыз, онда смартфонды жоғалған деп белгілеу керек, сізбен байланысуға болатын досыңыздың немесе туысқаныңыздың нөмірі бар хабарламаны экранға шығарыңыз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через