Биылдан бастап өзге қаладан келіп оқитын студенттерге каникул кезінде жол ақысының компенсациясы төленеді.
Бұл туралы алқа мәжілісінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты. Төлемақы көлемі 14 мың теңге көлемінде бекітілді.
Сондай-ақ, студенттер жатақханасындағы орындарды бөлу ережелері жаңартылды. Енді жатақханадағы бос орындардың болуы туралы ақпарат университеттің ресми сайтында ай сайын жарияланады.
Жатақханадағы орындарды басымдық бойынша арнайы құрылған комиссия конкурстық негізде бөледі.
Осы бұйрық 20 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Фото: www.bashinform.tilda.ws
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через