Ұқсас мақалалар
2020 және 2021 жылдары кейбір себептермен автокөліктер алдыңғы жылдарға қарағанда айтарлықтай аз құрастырылған. БАСФ концерні мамандарының мәлімдеуінше, бұл өз кезегінде нақты бір түстерге сұранысты арттырған. Былтыр шикізаттың жетіспеушілігі ресурстарды бөлуге келгенде автоөндірушілерді тығырыққа тіреді. Сондықтан олар экономикалық дағдарыс кезінде де жақсы өтетін түстерді таңдаған. Тұтынушылар да бұған дейін бағасын жоғалта бастаған ақ, қара, сұр, күміс түстерге қайта назар аударған.
Қандай көлік түсіне сұраныс жоғары деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Ақ ең танымал түс. Алайда кейінгі кезде сұр түске де сұраныс артқан. Қызыл үшінші орынға, жасыл түс төртінші орынға жайғасқан. Тауарды тартымды етіп көрсету үшін мамандар әр түрлі реңді жетілдіре түсуге күш салып жатыр.
Бірқатар автоөндірушілер кейбір қажетті жабдықтардың жоқтығынан жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Бұл өз кезегінде 2020 және 2021 жылдары жаңа автомобильдер өндірісіне кері әсерін тигізді. Соның әсерінен нарық өзгерді. Ең оптимистік болжам бойынша, жаңакөліктер өндірісінің бұрынғы көлемі 2023-2024 жылдарға қарай қалпына келеді, дейді сала мамандары.
Дегенмен, көлік тапшылығына қарамастан жаңа көлік сатып алушылар автомобильдің брендіне аса мән береді екен. Зерттеу жүргізген Ұлыбритания ғалымдары осындай тұжырымға келді. Сауалнамаға қатысқандардың 61 пайызы алдымен брендіне қарайтынын айтқан. Ал адамдардың 53 проценті көліктің үлгісіне көңіл бөлетінін мойындаған.
Рейтингтің төменгі жағына көліктің қауіпсіздігі мен экологиялық жағынан тиімділігіне назар аударатындар жайғасыпты. Олардың үлесі тиісінше 24 және 9 пайыз деңгейінде бекітілген.
Сауалнамаға қатысушылар сапасы төмен, сонымен қатар жөндеу және қызмет көрсету құны жоғары болатын брендтерге жоламауға тырысатынын мәлімдеген.
Фото: rus.azattyq-ruhy.kz, dknews.kz, kzvesti.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через