фото: р76.рф
Астанада ұялы байланыс компаниясының абоненттері Интернетке қосылуда қиындықтарға тап болды. Бұл туралы әлеуметтік желіде қолданушылар жазып жатыр.
Елорда тұрғындары Activ мобильді компаниясының Instagram-парақшасындағы жазбаларына байланыс пен желінің жоқтығы туралы пікір қалдырып жатыр. Кейбіреулер Қарағандыда да осындай мәселелер бар екенін айтады. Басқалары мұндай ақаулар бүкіл елде кең таралған деп болжап жатыр. Дегенмен, әзірге басқа қалаларда мұндай проблемалар тіркелмеген.
Kcell байланыста ақаулар пайда болғаны туралы ақпаратты растады.
"Біз Қазақстанның солтүстік және шығыс бөлігіндегі бірқатар қалаларда мәліметтерді жіберу қызметінің жоқтығы дерегін анықтадық. Қазіргі уақытта мамандар қызметтің жылдам қалпына келуі үшін себебін анықтап жатыр", - деді компания өкілдері.
Дереккөз .tengrinews.kz. Фото р76.рф
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через