Астанада Digital Bridge форумы өтеді

Астанада Digital Bridge форумы өтеді

28-29 қыркүйекте елімізде Орталық Азиядағы ең басты ІТ іс-шара - Digital Bridge 2022 форумы өтеді. Бес мыңнан астам қонақ, 300 IТ-компания, түрлі елден 200 спикер мен 70 инвестор қатысады. Бұл болашағын осы саламен байланыстыратын жастарға тамаша мүмкіндік дейді ұйымдастырушылар.

Мемлекет басшысы қатысатын форум аясында IT-стартаптар аллеясы, технопарктер мен IT мектептер көрмесі, IT бос орындар жәрмеңкесі, Astana Hub Battle жарысы сияқты  ауқымды іс-шаралар өтеді. Бағдарламада 45 панельдік сессияда халықаралық сарапшылар ІТ әлемінің өзекті мәселелерін талқылайды.

Бұл ел тарихындағы ең үлкен IT форум болады деп жоспарлап отырмыз. Өйткені көрмеде 200 стартап жобаның таныстырылымы болады. Көрмеге  түрлі елдерден 13 технопарк қатысады. Форум аясында ең кемі 10 шақты келісімшарт жасалады деп күтіп отырмыз. Франциядан белгілі ITмаман Николя Садирак басқа беделді қонақтар  келеді. Мағжан Мәдиев, Astana Hub  технопаркінің бас директоры.

Үздік шыққан жобаларға жалпы сомасы 18 мың доллар ақшалай сыйақы да бар. Отандық ірі компаниялардан мұнда «Каспий», «Халық Банк», «Фридом Финанс» және тағы басқалары қатысады. Елдегі мұндай мүмкіндікті қалт жібере алмадық дейді «Билайн» компаниясы.

Форумда цифрлық полиция, ақылды тұрғынүй секілді жобаларды ұсынамыз. Сондай-ақ эко жүйенің болашағы мен 5 джи интернет туралы да ой бөлісеміз. Бұл форум орталық Азиядағы цифрландырудың бастау болады деген ойдамын. Евгений Настрадин, Beeline Қазақстан компаниясының бас директоры

Цифрлық даму министрілігі, Астана әкімдігі мен Астана хаб технопаркі ұйымдастырып жатқан форум өңірдегі IT-технологиялардың дамуына жаңа серпін беріп, стартаптарына жаңа мүмкіндік ашатыны анық.

Фото: pm.kz