фото: pixabay.com
Ақтөбе қаласында да төтенше жағдай жарияланды.
Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет облыс орталығында төтенше жағдай жарияланғанын хабарлады.
— Ақтөбе қаласында төтенше жағдай жариялап отырмыз. Су тасқыны — табиғи құбылыс. Оны тежеу оңай болмай жатқаны рас. Ақтөбе су қоймасында болған судың көлемі бір тәуліктің ішінде 150 миллион текше метрге көбейді. Су қоймасы мұндай көлемді суды сыйғыза алмайды. Яғни, қалаға түгел қауіп төніп тұр. Сондықтан, біз суды жіберіп отыруға мәжбүрміз. Елек өзенінің бойында орналасқан және Қарғалы өзенінің Кірпішті көпіріне жақын орналасқан бау-бақша ұжымдарының тұрғындарын эвакуацияға келісім беріп, үйлеріңізді босатуларыңызды сұраймын. Біз үшін сіздердің өмірлеріңіз өте маңызды. Өздеріңіз білесіздер наурыздың 26-сы күні қала аумағында күннің күрт жылынуына байланысты дала сулары көтерілді. Бірнеше тұрғын алаптар мен бау-бақша ұжымдарына қауіп төнді, — деп хабарлады қала әкімі Азамат Бекет.
Айта кетейік, қазіргі кезде қалада 73 үйге су кірді. Бұған дейін Қобда, Мұғалжар, Темір аудандарында төтенше жағдай жарияланды.
Дереккөз kaz.inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через