Көлік нөмірінің белгісі қашан шықты, бастапқы нұсқасы қандай болған деген сұраққа жауап іздеп көрдіңіз бе?
Алғашқы көлік белгісі 1893 жылы пайда болыпты. Бұл мәжбүрлектен, яғни көшеде көлік көбейген кезде, жолдағы қозғалысты реттеу үшін жасалған. Сонымен алғашқы нөмір, Францияда, нақты айтатын болсақ, Парижде 1893 жылы шығарылды. Мұнан кейін іле-шала 1896 жылы Германия да бұл істі қолға алды. 1898 жылы Нидерланд "жүргізу рұқсаты" деп аталған ұлттық тіркеудегі нөмір белгілерін таныстырған алғашқы ел болды. Бастапқыда бұл нөмірлер жай ғана 1-ден бастап ретпен берілген сандар болды, бірақ кейін 1906 жылы өзгертілді.
Әр штаты өз нөмірлерін басып шығаратын АҚШ-та, Нью-Йорк штаты алғашында 1901 жылы көлігінің арт жағында көлік иесінің аты-жөнінің бірінші әріптері (инициалы) көрінетіндей болуын талап еткеннен кейін, 1903 жылдан бастап автомобиль нөмірлерін (ақ фондағы қара түсті сандар) талап ете бастады. Бастапқыда көптеген құзіретті орындарда нөмір белгілері үкімет тарапынан шығарылмаған болатын, сол себепті моторлы көлік иелері өздері жасап шығаруы керек болды. 1903 жылы Массачусетс нөмір белгілерін шығарған алғашқы штат болды. Құрама Патшалықта нөмір белгілері алғаш рет 1904 жылдың 1 қаңтарынан бастап автомобиль акты (Motor Car Act) бойынша талап етіле бастады.
Басқаларды қайдам, қазақстандықтар әдемі көлік нөмірлеріне құмар. Былтыр отандастарымыз VIP-нөмірін сатып алуға 6 млрд теңге жұмсапты.
Айта кетері, VIP нөмірлердің құны нөмірлер мен әріптердің комбинациясына байланысты 174 591-ден 872 955 теңге шамасында. Мемлекеттік нөмір иесі оны үшінші тұлғаға бере алмайды және сата алмайды.
Автокөлік сатылған жағдайда иесі нөмірді жаңа автокөлік сатып алғанша мамандандырылған ХҚКО-да 6 айға дейін сақтауға қалдыра алады.
Көлік нөміріндегі аймақ кодтары қай өңірді көрсететінін білесіз бе? Таныса отырыңыз.
Аймақ коды |
Аймақ |
01 |
|
02 |
|
03 |
|
04 |
|
05 |
|
06 |
|
07 |
|
08 |
|
09 |
|
10 |
|
11 |
|
12 |
|
13 |
|
14 |
|
15 |
|
16 |
|
17 |
Біздің елде көліктерді, тракторларды, өздігінен жүретін машиналарды, трамвайларды, троллейбустарды, мотоциклдерді және өзге де көлік құралдарын мемлекеттік нөмірсіз басқаруға болмайды.
Жүргізуші нөмірі жоқ, әлі тіркелмеген не қолдануға тыйым салынған нөмірмен көлік айдаса 10 АЕК (30 630 теңге) көлемінде айыппұл төлейді.
Фото: esquire.kz, platesmania.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через