Алматы шетелдік кәсіпкерлерді қарсы алды

Алматы шетелдік кәсіпкерлерді қарсы алды

2022 жылы қараша айының басында тамақ индустриясы, ауыл шаруашылығы, орама және салқындатылған қойма саласындағы ең ауқымда шара Алматыда, Атакент халықаралық көрме орталығында өтті.

Азық-түлік іс-шарасы күндеріне әлемнің 35 елінен  450-ден астам компания қатысып, бір мезгілде бес көрме ұйымдыстырылды.

 Еліміздің экономикалық дамуында агроөнеркәсіптік кешеннің, оның ішінде ауыл шаруашылығының, тамақ өнеркәсібінің  маңызы зор. Әсіресе, бүгінгідей геосаяси жағдай күрделене түскен уақытта, тіпті өзекті мәселелердің біріне айналды. 

Шетелдік компаниялардың басты мақсаты -  Қазақстанда өнімдерін таныстыру, саудалау және кәсібін дөңгелету.  Біздің қоғам қазір нарық заманында өмір сүріп жатқандықтан бұған жол ашылған. Сатып алушының таңдау жасайтын мүмкіндігі болуы тиіс.

Фото: lamstore.ru