Алматы полициясы жалған хабарламалардың авторларын іздестіріп жатыр

Алматы полициясы жалған хабарламалардың авторларын іздестіріп жатыр
фото: Sputnik / Владислав Воднев

Алматы қалалық Полиция департаментінің жедел бөлімшелері жаңа технологияларды қолданып, кеше түнде қоғамда негізсіз дүрбелең мен үрей тудырған жалған хабарламалардың авторларын анықтап жатыр. 

«Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», - деп ескертті қаланың полиция департаменті. 

Бұған дейін тәртіп сақшылары азаматтарды ақпараттық мәдениетті сақтауға шақырып, тек ресми ақпарат көздерінен алынған мәліметке сенуді ұсынған болатын.

Еске салайық, қаңтардың 22-сінен 23-іне қараған түні Алматыда бірнеше толқынмен жер сілкінді. Ресми мәлімет бойынша алғашқы дүмпудің амплитудасы 5 баллға дейін жеткен. 

Эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан түнгі жер сілкінісі Алматы мен Шымкенттен бөлек, Астанада және Қазақстанның 5 облысында сезілген. 

Дереккөз inform.kz.