Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы рекордтық деңгейге жетті

Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы рекордтық деңгейге жетті

фото: baq.kz

       Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы тарихи ең жоғары деңгейге жетті. Былтыр бұл көрсеткіш 76 жасқа жуықтады. Мамандар мұны елдегі денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістердің бірі ретінде бағалап отыр.

       Нәресте өлімі де азайған. Өткен жылы көрсеткіш 15 пайызға төмендеп, әр мың тірі туған сәбиге шаққанда 6 жағдайға жуықтаған. Бұл – Қазақстандағы ең төмен деңгей.

       Халықаралық салыстыруларда Қазақстан Орталық Азияда өмір сүру ұзақтығы бойынша алдыңғы орында. Нәресте өлімі бойынша да өңірдегі көрсеткіш ең төмен. Сонымен қатар Қазақстан – жұқпалы емес аурулардан болатын мезгілсіз өлімді азайту жөніндегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мақсатына Орталық Азияда алғаш қол жеткізген ел.

       Медициналық көмектің қаржылық қолжетімділігі де салыстырмалы түрде жоғары. Азаматтардың денсаулыққа өз қалтасынан жұмсайтын шығыны жалпы шығынның 27 пайызынан сәл асады. Ал халықаралық рейтингтерде Қазақстан БҰҰ-ның Бақыт индексінде 147 елдің ішінде 33-орында тұр. Бұл деректер елдегі өмір сапасы мен денсаулық көрсеткіштерінің бірқатар бағытта жақсарып келе жатқанын аңғартады.

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз