Сайлауға дайындық: учаскеңізді біліңіз

Сайлауға дайындық: учаскеңізді біліңіз

фото: www.instagram.com

       Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы 23 тамызда өтеді. Осыған орай елорда тұрғындары өздерінің қай сайлау учаскесіне тіркелгенін алдын ала онлайн режимде анықтай алады.

       Сайлау учаскесі туралы мәліметті бірнеше жолмен білуге мүмкіндік бар. Ол үшін арнайы ресми веб-сервисті пайдалануға, сондай-ақ Телеграм чат-боты арқылы қажетті ақпаратты алуға болады. Бұдан бөлек, АйКомек бірыңғай байланыс орталығының 109 нөміріне хабарласу арқылы да сайлау учаскесіңізді нақтылауға мүмкіндік бар.

       Сайлаушылар тізіміне азаматты белгілі бір учаске бойынша енгізудің негізгі шарты – сол сайлау учаскесінің аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркеуде болуы. Сондықтан дауыс беретін учаскеңізді алдын ала анықтап алған жөн.

       Алдағы сайлауға қатысты ақпаратты біліп жүру – азаматтық жауапкершіліктің бір көрінісі. Өз учаскеңізді алдын ала тексеріп, қажетті мәліметті нақтылап қойғаныңыз артық емес.

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз