фото: https://www.google.com/url?
Қазіргі қазақ прозасының жаңа тынысы: Жолтай Әлмашұлының шығармашылық кеші өтті.
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада белгілі жазушы, драматург Жолтай Әлмашұлының жаңа туындылары «Олигарх қазақ», «Көктүрік сарыны» және «Клятва любви» атты жаңа кітаптары оқырманға жол тартты. Әдеби кеш барысында қаламгердің соңғы еңбектері – заманауи тақырыптарды арқау еткен және тарихи танымды тереңнен қозғайтын шығармалары кеңінен таныстырылды.
Шығармашылық жүздесуге елорданың зиялы қауым өкілдері, әдебиеттанушылар, қаламгерлер мен тұрақты оқырмандар жиналды. Кеш барысында автордың қазақ әдебиетіндегі қолтаңбасы, көтеріп жүрген әлеуметтік және рухани мәселелері жан-жақты талқыланды.
Жолтай Әлмашұлы өз сөзінде жаңа кітаптарының жазылу барысына тоқталып, әр туындының идеялық өзегін, кейіпкерлер әлемін қалыптастырудағы ізденістерін бөлісті. Қаламгер шығармаларында бүгінгі қоғам бейнесі, ұлттық болмыс пен тарихи сабақтастық тақырыптары кең көрініс тапқанын атап өтті.
Әдеби басқосуда авторға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының құттықтау хаты табысталды. Бұл – жазушы еңбегіне берілген жоғары баға ретінде қабылданды.
Кеш соңында қатысушылар жаңа туындылар туралы пікір алмасып, қазақ әдебиетінің қазіргі даму бағыты жөнінде ой қозғады.
Аталған шығармалар оқырман қауымға рухани ой салатын, тарихи сана мен заманауи көзқарасты ұштастырған еңбектер ретінде ұсынылды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через