Алматыда 6,8 мыңнан астам жас азамат психологиялық көмек алды

Алматыда 6,8 мыңнан астам жас азамат психологиялық көмек алды
фото: https://pixabay.com

ғдарламада студенттерге, жұмыс істейтін жастарға, NEET санатындағы өкілдерге және әлеуметтік осал топтағы жастарға баса назар аударылады

2025 жылдың басынан бері Алматыда 6,8 мыңнан астам жас азамат психологиялық көмек пен кеңес алды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталған жұмыс қалалық бағдарламалар аясында жүзеге асырылып, эмоционалдық күйзелістің алдын алуға, мазасыздық пен күйзеліс деңгейін төмендетуге, сондай-ақ өмірлік және кәсіби сынақтарға төтеп беруге қажетті өзін-өзі реттеу, бейімделу дағдысын қалыптастыруға бағытталған.

Бағдарламада студенттерге, жұмыс істейтін жастарға, NEET санатындағы өкілдерге және әлеуметтік осал топтағы жастарға баса назар аударылады.

Қалалық комьюнити орталықтар, білім беру ұйымдары және арнайы кеңес беру алаңдары арқылы қолдау көрсетіледі. Жастар жеке және топтық кеңес алып, күйзелісті басқару тренингтеріне, эмоционалдық интеллектті дамытуға арналған воркшоптарға, сондай-ақ менталдық денсаулық мәселесі бойынша білімді шыңдайтын кездесулерге қатысады.

Сонымен қатар жұмыспен қамту бағытындағы жұмыс та күшейтілді. Жыл басынан бері 10,8 мыңнан астам алматылық жас жұмысқа орналасу, кәсіби бағдар алу, түйіндеме әзірлеу және әңгімелесуге дайындық жөнінде кеңес алды.

Дерек көзі: https://sputnik.kz