Солтүстік Қазақстанда үш бала жидектен уланып қалды

Солтүстік Қазақстанда үш бала жидектен уланып қалды

фото: https://pixabay.com/

Дәрігерлер балалардың жағдайын қанағаттанарлық деп бағалады

Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданында үш бала ауруханаға жеткізілді.3, 5 және 8 жастағы балалар көшеде ойнап жүріп, жидек терген. Олардың нақты қандай жидек жегені және қанша мөлшерде тұтынғаны әзірге белгісіз.

Алдымен балалар аудандық ауруханаға жеткізіліп, қажетті тексеруден өтті. Кейін үшеуі де Петропавлдағы облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды.

Дәрігерлердің мәліметінше, балалардың жағдайы қанағаттанарлық. Үшеуі де есін біледі және қажетті ем қабылдап жатыр.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз