фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ферма жобалық қуатқа шыққаннан кейін, жылына 2 400 тонна шампиньон және 4 000 тонна компост өндіре алады
Петропавлда бірегей саңырауқұлақ фермасы іске қосылды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Ферма "Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағы аумағында ашылған. Отандық инвестордың бастамасымен жүзеге асырылған жоба өңдеуді дамытуға, импортты алмастыруға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.
"Жалпы инвестиция көлемі 11 млрд теңгені құрайды, оның жартысы мемлекеттік қолдау тетіктері, соның ішінде "Солтүстік" ӘКК мен "СҚО тәжірибесі" бағдарламасы арқылы қаржыландырылған. Бұл мемлекет пен бизнес серіктестігінің тиімділігін көрсетеді", - делінген хабарламада.
Кәсіпорынды арнайы экономикалық аймақ аумағында орналастыру инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге және қолданыстағы жеңілдіктерді пайдалануға мүмкіндік берді. Өндіріс Польшада шығарылған заманауи жабдықтармен жарақтандырылған. Жобалық қуатқа шыққаннан кейін ферма жылына 2 400 тонна шампиньон және 4 000 тонна компост өндіре алады.
"Бұл елдегі саңырауқұлақ өнімдеріне деген сұраныстың шамамен 25%-ын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жоба аясында 65 тұрақты жұмыс орны ашылды. Жоба агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға, отандық инвесторларды қолдауға және жоғары қосылған құны бар заманауи өндірістер құруға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі", - деп жазды министрлік.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через