Алаяқтардың телефон арқылы алдайтын жаңа схемасы

Алаяқтардың телефон арқылы алдайтын жаңа схемасы
фото: pixabay.com

Бас прокуратура телефон арқылы алдайтын алаяқтардың жаңа схемасын түсіндірді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы astanatv.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қаскөйлер алдымен жәбірленушінің телефонына 1414 нөмірінен SMS-код келтіріп, артынан қоңырау шалып өзін банк, мемлекеттік орган өкілі немесе курьер ретінде таныстырып, кодты сұрайды.

Кейін басқа нөмірден қайта хабарласып, өзін ҰҚК қызметкері деп таныстырып, «код айтып қойдыңыз» деп қорқытады. Артынша ақшаны «қауіпсіз шотқа» аудару керек деп алдауға тырысады.

Фото: pixabay.com.

Ескеріңіз! Ешқандай «қауіпсіз шот» деген болмайды. Мемлекеттік органдар мен банктер ешқашан 1414-тен келген бір реттік кодты, карта деректерін немесе парольді сұрамайды.