1 қаңтардан бастап декларацияны автоматты түрде тапсыруға болады

1 қаңтардан бастап декларацияны автоматты түрде тапсыруға болады
фото: pixabay.com

Жаңа жылдан бастап салық декларациясын тапсыру ережесі өзгереді. Енді салық төлеуші құжатты уақытында ұсынбаса, ақпараттық жүйе салық сомасы нөлге тең екенін көрсетпек. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 Ресми ақпаратқа сай, жаңашылдық шоттағы шығыс операциясын тоқтатуды және айыппұл салуды болдырмауға мүмкіндік береді. Яғни кәсіпкерлерді жазалау шарасы айтарлықтай жеңілдейді. 

Әкімшілік жауапкершілік тек Мемлекеттік кірістер органдары кіріс айналымын өздері анықтаған жағдайда ғана қолданылады. 

Сондай-ақ 1 қаңтардан бастап декларацияны автоматты түрде тапсыруға болады. Тағы айта кететін жайт, енді «салық есептілігін қайтарып алу» қызметі толықтай тоқтатылады. Сондықтан декларация жіберер алдында мәліметтің дұрыстығын мұқият тексерген жөн. 

Бұдан бөлек, салық есебін тапсыру мерзімі енді ұзартылмайды. Осыған орай салық төлеушілерге декларацияны уақытылы әзірлеп, мерзімінде тапсырған абзал.