Шетелдік науқастар Қазақстанда қандай ем алады

Шетелдік науқастар Қазақстанда қандай ем алады
фото: https://pixabay.com/ru/users/doilersanjuan

       Жыл басынан бері шетелден 80 мыңнан астам адам келіп, Қазақстанның медициналық қызметтеріне жүгінген.

       Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстандағы медициналық туризм әлеуеті туралы айтып берді.

       Миинстрдің айтуынша, шетелдік пациенттер саны былтырғы жылдармен салыстырғанда едәуір өсті.

       — Біздің кейбір бағыт бойынша халықаралық деңгейге жеттік деп айтуға болады. Оның ішінде кардиохирургиялық операциялар, нейрохирургиялық, стоматологиялық қызметтер сапасы мен бағасы шетелдіктерге өте қолайлы болып отыр. Сонымен бірге, экстракорпоралды ұрықтандыру да үлкен сұранысқа ие, — деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет үйінде өткен брифингте.

       Шетелдіктерге қосымша еш жеңілдік қарастырылмаған, дегенмен қазақстандық меморгандар халықаралық және ел ішіндегі рейстердің ашылуына байланысты тиісті жұмыстарды ұйымдастырады.

       Бұған дейін Ақмарал Әлназарова дәрігерлердің науқасты қарау уақытын ұзарту мәселесімен 2024 жылдан бері айналысып келе жатқанын айтқан еді.

       https://kaz.inform.kz/