
фото: pixabay.com
Бірақ бұл сома қазақстандықтарға ақша күйінде емес, басқа түрде қайтарылуы мүмкін. Ақырғы шешім әзірге қабылданған жоқ.
Электр қуатын жеткізетін монополистер 2024 жылы қазақстандықтардан тоқ үшін 35 миллиард теңгеге жуық қаражатты артық алып қойған. Сондықтан мемлекет ол қаржыны кері қайтартқызатын болады. Бірақ ол бәрібір ақша күйінде қайтпайды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың мәліметі бойынша, электр энергиясы үшін артық төленген қаражатты тұтынушыларға қолма-қол және қолма-қолсыз ақша түрінде емес, тарифті бір айға төмендету жолымен оралту жоспарланып отыр.
Бірақ одан да бас тартылуы мүмкін. Өйткені сонымен бірге бұл қаржыны бұқара мен бизнеске қайтармай, саланы дамытуға кері инвестициялау туралы ұсыныс та қарастырылуда.
Айта кететін жайт, монополистердің мемлекет пен халықты алдағанын салаға жауапты Энергетика министрлігі, немесе бассыз кеткен алпауыттарды басуға тиіс антимонополиялық қос орган емес, Жоғары аудиторлық палата анықтады.
Жоғары аудиторлық палата ревизорлары электр энергетикасы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың тиімділігіне аудит жүргізді. Сол арқылы монополистердің заңсыз баю үшін тұтынушыларға арналған тарифтерді шектен тыс асыруының және қаржылық бұзушылықтарға баруының деректерін әшкереледі.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через