Темекі өнімдерінің бағасы өзгеруі мүмкін

Темекі өнімдерінің бағасы өзгеруі мүмкін
фото: pixabay.com

Қаржы министрлігі бұйрық жобасын жариялады. Онда темекі түрлерінің барлығының бағасы өсетіні жарияланған. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Құжат «Ашық НҚА» порталында орналастырылған, ал қоғамдық талқылау 19 маусымға дейін жалғасады.

Баға өзгерісі келесі өнім түрлеріне қатысты болады: сүзгісі бар және сүзгісіз темекілер, папиростар, сигариллалар, қыздырылатын темекі өнімдері.

Құжатта көрсетілгендей, бұл өзгерістер салық және баға саясатын тиімді жүргізуге, сондай-ақ қоғам денсаулығын жақсартуға бағытталған, нақтырақ айтқанда — темекі тұтынуды қысқарту мақсатында қолға алынған.

Жоба мазмұнымен танысып, пікір қалдыру үшін «Ашық НҚА» сайтына кіріңіз.