
фото: pexels.com
Қазақстанда мобильді аударымдар мен азаматтардың қаржысын бақылау күшейеді. Үкімет қолма-қол ақшасыз транзакциялар мониторингін бір жолға қойған соң, ұялы телефондардың теңгеріміне бақылауды енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады «Сапалы Қазақстан» порталы.
Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл тетіктерін әзірлеп жатыр. Жаңа процес бойынша бақылау жеке операциялар емес, мәмілелердің жиынтығы мен олардың өзара байланысын талдау арқылы жүргізілмек.
Байланыс операторлары ұзақ уақыт бойы теңгерімнен банктік карталарға ақша аударуға немесе оны толық төлем құралы ретінде пайдалануға рұқсат бергеніне браз уақыт болды. Бұл өз кезегінде көлеңкелі бизнестің қанат жаюына ықпал етті.
Экономист, сарапшы Ғалымжан Керімбек бұл схемалардың қалай жұмыс істегенін, мемлекеттің ақша аударымдарына неліктен шүйліккенін және қандай сигналдар автоматты түрде тексерілетінін түсіндірді.
Әрбір ұялы байланыс операторларында арнайы картаға байланысты телефон балансы бар. Кейбір бонустар, кэшбэктер тікелей телефон балансына аударылады, сондықтан бұл бақылаудан тыс қалды. Телефон балансын ағымдағы шот ретінде ұстау мүмкін болмады. Мысалы, сот орындаушылары немесе салық басқармасы телефон балансын емес, карталарды тәркілей алады. Сондықтан көпшілігі бұл олқылықты пайдаланды, дейді Ғалымжан Керімбек.

Фото: Ғалымжан Керімбектің жеке мұрағатынан.
Жеке тұлғалардың шоттарына мобильді ақша аударымдарын кейбір қазақстандықтар кәсіпкерлік қызметтен түскен кірісті жасыру үшін пайдаланады. Яғни, төлемдерді осылайша қабылдау чек бермей жүзеге асыру заңсыз.
Осыған байланысты Қазақстан азаматтарының мобильді аударымдары кезең-кезеңімен тексеріледі. Бұл жерде кәсіпкерлік қызметтен кіріс алу белгілері бар мәмілелер ғана назарға алынады. Шоттарды күнделікті қадағалау бұл бір күнде қабылданған шешім емес.
3 айда әртүрлі адамдардан 100 түбіртек алу туралы заң қазірдің өзінде моральдық тұрғыдан ескірген. Бұл тақырып бес жылдан бері талқыланып келеді. Кәсіпкерлік қызметте және үлкен сомада 100 түрлі адамнан түбіртек алу деген ұғым жоқ екенін түсінеміз. Сондықтан мемлекет бұл заңмен шектеледі деп күту ақымақтық еді.
Мобильді аударымдарды бақылауға арналған жаңа механика
Бір транзакция мемлекеттік органдарға не болып жатқанының нақты көрінісін бермейді, сондықтан олар ақша қозғалысын хронологиялық тәртіпте бақылай бастайды. Спикердің айтуынша, бұл схема былай жұмыс істейді:
Бір транзакция ештеңе шешпейді, бірақ тұрақты түрде жасалса көп нәрсені аңғартады. Мысалы: біріншіден, картаға ақша түседі, сол күні қолма-қол алынады да, жоғалады. Бұл айына бірнеше рет қайталанса, адам ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру мақсатында алып жатыр деген күдік туады. Неліктен ақшаны қолма қол ақшаға айналдырады? Яғни, ол капиталды шығару, кірісті жасыру үшін істеді ме екен, деген көңілге күдік ұялайды. Адамның жеке кәсіпкерлігі болмауы мүмкін, бірақ ол тауарды қолма-қол ақшаға сатып алады.
Дәл осы операциялар жиынтығы банкке белгі береді. Жүйе белгілі бір параметрлерді орнатады, оларға сәйкес қаржылық мониторинг сигналы автоматты түрде жасалады, дейді сарапшы.
Салық органдары туыстары мен жақындарына арасында болатын ақша аударымдарын қалай тексереді екен?
Егер бауыр адамдар, жақын туыстар бір-біріне ақша аударса, eGov немесе басқа деректер базалары арқылы ол жүйеде көрінеді. Отбасылық байланыстарды анықтау оңай. Сондықтан қаржылық мониторингті шағын ақша аударымдарына көңіл бөлмеуі мүмкін. Бірақ ағасы 100 миллион теңге аударса, онда сұрақ туындайды: бауыры осыншама ақшаны қайдан алды? Ағамның жасаған сыйлығы деп айтуға болатын шығар. Егер ағам жеке кәсіпкер және ресми кірісі болса, ешқандай сұрақ туындамайды. Бірақ ағам жеке кәсіппен айналыспаса, қосымша табыс көзі болмаса жауап беруге тура келеді, деп атап өтті экономист.
Кез келген адамға салық, ақша аударымдарына қатысты қиындыққа тап болмас үшін қаржылық сауаттылығын арттыру қажет. Қазір үкімет халықтың қаржылық сауатын ашу үшін ойын жобасын іске қосты, онда адамдар ақысыз ойнады және алаяқтарды тануды, қаржының қалай жұмыс істейтінін түсінуді үйренді. Тіпті балаларға да қаржыға қатысты, алаяқтықтан сақтануға қатысты деректер мульфильмдер арқылы жеткізіле бастады.
Жалпы, қаржылық сауаты мол ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Барлығымыз түсінуіміз керек: бәрі бақылауға алынып жатыр. Бұл жаңадан ойластырылған жоба емес - бұл бірнеше жылдан бері талқыланып келе жатқан шара. Олар енді ғана заңнамалық база ретінде дайындалып айтыла бастады. Әрбір азамат бір нәрсені түсінуі керек: табыс алсаң, салық төле. Жеке кәсіпкерлікпен айналыссаңыз, өзіңізді жұмыспен қамтушы боласыз. Мұны жасамасаңыз, кейінірек төлейсіз, - деп түйіндеді Ғалымжан Керімбек.
Ақша аударымдарының жаңа шегі
Қаржы министрлігі, Ұлттық банк және екінші деңгейлі банктер арасындағы келісімге сәйкес, жеке тұлғалардан түсетін ақша аударымдарының лимиті үш айға 12 ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленген. 2025 жылы бұл 1 020 000 теңге.
Бастапқыда 255 мың теңгенің төменгі шегі ұсынылған еді, бірақ одан бас тартылып, шағын бизнес пен азаматтардың мүдделерін ескеретін теңгерімді тәсілге көшті.
Не ескерілмейді?
Мемлекеттік кірістер комитеті тексеру кезінде келесі түбіртектердің есепке алынбайтынын түсіндірді:
Банкоматтар арқылы шотты толтыру;
Депозиттік шоттардан аударымдар;
Жалақы және әлеуметтік төлемдер.
Осылайша, тек басқа тұлғалардың аударымдары бақылауға алынады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через