фото: pixabay.com
Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы инфляция деңгейіне қатысты жаңа мәліметтерді жария етті. Оған сәйкес, 2025 жылғы қарашадағы айлық инфляция деңгейі 0,8% болды, деп хабарлады informburo.kz.
Сондай-ақ, азық-түлік, тауар және коммуналдық қызметтер ақысы біршама азайғанын байқаймыз.
Азық-түлік тауарлары: қырыққабат 2,5%, сәбіз 2%, қызылша 1,4%, қант 1,3%, апельсин 1%, күріш 0,5% арзандады. Ал тәтті бұрыш бағасы 5,2%, түсті қырыққабат 5,1%, лимон мен шоколад 1,9%-дан, рожки 0,4% өсті.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар: қуат үнемдейтін шамның бағасы 1,7%, елімізде құрастырылған жаңа автокөліктер 1,2%, қазан 0,8% төмендеді. Смартфондар 5,4%, кір жуғыш машиналар 2,5%, төсек орын жинақтары 0,5% қымбаттады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласы: суық су тарифі 7,1%, су бұру 6,2%, орталықтан жылыту 4,9%, электр энергиясы 2,7% төмендеді. Шет тілдерін оқыту курстары 2,6%, асханадағы түскі ас 1,6%, дәрігерге алғашқы қаралу 0,7% қымбаттаған.
Ал жылдық мәнде инфляция қарашада 12,4% құрады.

Фото: pixabay.com.
Азық-түлік тауарлары: қызанақ жылдық мәнде 8,1%, күріш 6,9%, тәтті бұрыш 1,2% арзандаған. Керісінше жұмыртқа 3,9%, сарымсақ 3% қымбаттаған.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар: кір кептіргіш 27,6%, мұздатқыш 14,6%, үтіктеу тақтасы 12% арзандады. Ыдыс жууға арналған құралдар бағасының деңгейі 7,7%, қабырға кафелі 6,2%, электросамокат 3,6% өскен.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласы: 2024 жылдың қараша айымен салыстырғанда қоқыс шығару қызметтерінің бағасы 8,5%, фотосуреттерді басып шығару қызметінің бағасы 7,5%, туристтерді медициналық сақтандыру 4,4% өскен.
Материал Informburo.kz сайтынан алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через