Қызғалдақты жұлсаң 12 млн теңге айыппұл төлейсің

Қызғалдақты жұлсаң 12 млн теңге айыппұл төлейсің
фото: pexels.com

Түркістан облысында қызғалдақты жұлған тұрғын 12 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін, деп жазды qazaqstan.tv. 

Қызыл кітапқа енген гүлді теріп алып, көлігіне салған әйелдің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Заңды бұзған әйелдің Шымкент қаласының тұрғыны екенін анықталды. Ол дала гүлдерін Ордабасы ауданы Ұялыжар ауылы маңындағы алқапта жинаған. Қазір осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

- Бүгінде экологиялық тәрбиеміз төмен. Сондықтан мектептермен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Наурыз айында «Парктер шеруі» акциямыз басталады. Оның аясында әрбір мекатепке барып, экологиялық ағарту жұмыстарын жүргізу жоспарымызда бар. Сол кезде Қызыл кітапқа қандай өсімдіктер, жануарлар енгенін, олармен не істеуге болатынын, болмайтындығын түсіндірмекпіз, - деді Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев. 

Оның атап өтуінше, қызлғалдық жұлу фактілері өткен жылы Алматы, Жетісу, Түркістан облыстарында байқалған, деп жазды kaz.inform.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы дәл осы алқапта қызғалдақтарды жұлып, суретке түскен 22 жастағы бойжеткенге 9 млн теңге айыппұл салынған болатын.